"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАРДАН ЛИПИДТЕРДІ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет323/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАРДАН ЛИПИДТЕРДІ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ 
 
Талпақова А.Е., Карабекова А.Н., Ахметкалиева А.Е., Қосалбаев Б.Д. 
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
anara.talpakova@mail.ru 
 
Соңғы жылдары биоэнергетика – биотехнологияның жеке салаларының бірі болып қалыптасты. 
Осыған  орай  биологиялық  объектілерді  жəне  олардың  көмегімен  жүзеге  асырылатын  əртүрлі 
процестерді пайдаланып, экологиялық таза биоотын алу қолға алынуда. Биоотынның кең тараған түрі 
– биодизель алуда өсімдіктерді шикізат ретінде пайдалану барысында кездесетін қиыншылықтарды 
жеңу мақсатында кейбір мамандар биодизельді отын алуға шикізат ретінде қолдануға болатын майды 
синтездей алатын цианобактерияларды пайдалануды ұсынды.  
Cyanobacterium sp. IPPAS B – 1200 цианобактерия штаммының биодизель өндірісіне жарамды 
С
14
  жəне  С
16
май  қышқылдық  құрамы  анықталды.  Cyanobacterium  sp.  IPPAS  B  –  1200  штамы  30% 
дейін  миристин  (14:0)  жəне  10%  дейін  миристолеин  (14:1Δ9)  қышқылдарын  синтездейтіні 
анықталды.  Пальмитин  (16:0)  жəне  пальмитолеин  (16:1Δ9)  қышқылдарының  жалпы  мөлшері  60% 
құрайды.  
Ғылыми  зерттеу  жұмыстың  негізгі  мақсаты  цианобактериялардан  липидтерді  экстракциялау 
əдістерін талдау. 
Зерттеу объектісі ретінде Cyanobacterium sp. IPPAS В-1200штаммы          əл – Фараби атындағы 
ҚазҰУ,  биотехнология  зертханасының  фототрофты  микроорганизмдер  коллекциясынан  алынды. 
Штамм  100л  көлемді  фотобиореакторда  Заррука  қоректік  ортасында  стационарлы  өсу  фазасына 
жеткенінше  13  тəулік  бойы  дақылданды.  Өсіп  шыққан  дақылдан  центрифугалау  əдісі  арқылы 
биомасса  жинақталды.  Спектрофотометрия  көмегімен  720нм  толқын  ұзындықта  алынған 
биомассаның оптикалық тығыздығы анықталынды. Цианобактерия клетка биомассасынанлипидтерді 
экстракциялау Фольч əдісі (2:1 хлороформ/метанол), Блай жəне Дайер əдісі (1:2 хлороформ/метанол), 


220 
 
Хара  жəне  Радин  əдісі  (3:2  гексан/изопропанол),  2,5:2,5:1  қатынасындағы  этанол/гексан/су  жəне 
этанол/петролейнді эфир қоспаларымен жүргізілді. 
Зерттеу  нəтижесінде  дақылдаудың  алғашқы  күнінде  штамм  суспензиясының  оптикалық 
тығыздығы  –  0,04,  12-13  тəуліктен  кейін  дақыл  суспензиясының  оптикалық  тығыздығы  2,25±0,1 
құрады. Cyanobacterium sp.IPPAS B-1200 цианобактерия штамының 100 л тығыз суспензиясынан 80 
г/л  шоғырланған  биомасса  алынды.    Cyanobacterium  sp.  IPPAS  B-1200  штамм  клеткасынан 
липидтерді  экстракциялау  нəтижесінде  липидтер  шығарылымы  Фольч  əдісінде  -  7%,  Хара  жəне 
Радин  əдісінде  -  3%,  этанол/гексан  қоспаларымен  –  3,5%,  Блай  жəне  Дайер  əдісінде  -  9%, 
этанол/петролейнді эфир қоспаларымын экстракциялау – 1,79% құрады.  
Салыстырмалы  талдау  нəтижесі  бойынша  Блай  жəне  Дайер  əдісімен  экстракциялау 
Cyanobacterium sp.IPPAS B-1200 штамм биомассасынан липидтерді максималды шығаруға мүмкіндік 
береді жəне аталған əдісті биодизель өндірісіне ұсынуға болады. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Заядан Б.Қ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет