28
2012-2014 жж. аралығында Маңғыстау эксперименталды батаникалық бақтың дəрілік өсімдік
коллекциясын Маңғыстау облысы аумағынан 24 дəрілік өсімдік, оның ішінде 14тұқымдас жəне 23
туысы толықтырды. Атап айтсам 4 ағаш, 3 бұта, 2 жартылай бұталы, 15 көп жылдық шөптесін
өсімдіктер. Бұл өсімдіктер 0,2 га жерге отырғызылды.
Бағалы – дəрілік өсімдігі түрлерінің ақпараттық бағасын жасау мақсатында Маңғыстау
эксперименталды батаникалық бақта 2011-2012 жж. “BD-PLANT-KZ” компьютерлік программа
жасалды. Бұл программаның мақсаты Қазақстанның табиғат флорасындағы өсімдіктердің
таксономиялық тіркеуін жүргізіп, сонымен қатар морфологиялық сипаттамасын, шаруашылық-
биологиялық құрамын, экологиясын, географиялық координатасын, гербарлық түрлерін, өсімдік
қауымдастығын, шикізат қорын, георгафиялық жəне флоралық аумағын, түсірілген суреті мен
карталық ареалын, дəрілік өсімдіктің интродукциялық сипаттамасын, яғни фармакологиялық
құрамын,
белсенді заттарын,
медициналық препараттар, шикізат түрін,
жинау уақыты мен орналасқан
орынын, ауру түрлері мен халқтық емдеу əдістерін тіркеу жəне жасау маңызды болып табылады.
Аталған ақпараттардың барлығын таблица түрінде немесе текстік формада басып, ғылыми мақалалар
мен баяндамаға қолдануға болады. Қазіргі таңда мəліметтер базасында Маңғыстау табиғи
флорасындағы дəрілік өсімдіктердің 127 түрі 88 туысы жəне 37 тұқымдасы тіркелген. Біздер осы
бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз.
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.д. профессор Мухитдинов Н.М., б.ғ.к. Иманбаева А.А.
Достарыңызбен бөлісу: