"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет4/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   372
 
 
Декан факультета биологии 
и биотехнологии КазНУ им. аль-Фараби
д.б.н., профессор, член-корр. НАН РК  Б.К. Заядан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
 
 
 
 
1 СЕКЦИЯСЫ 
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ 
САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
 
СЕКЦИЯ 1 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ БИОЛОГИИ И 
СОХРАНЕНИЯ 
БИОРАЗНООБРАЗИЯ 
 
 
SECTION 1 
MODERN ISSUES IN BIOLOGY AND 
BIOCONSERVATION 
 
 
 
 
 
 



 
ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛКЕН ҚҰМТЫШҚАН ӨКПЕСІНІҢ НӘЗІК ҚҰРЫЛЫСЫ 
 
 Абдисаламова Н.И., Баяхмет Б.Н. 
Əл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 
nazipa.abdisalamova@mail.ru
   
 
Туберкулез – бұл жануарлар мен адамдардың ауыр созылмалы ауруы. Ол əр түрлі органдарда 
пайда  болып,  казеозды  некрозға  алып  келетін  спецификалық  түйіндер  –  туберкулалар  арқылы 
сипатталады. Өкпенің нəзік құрылысының ерекшеліктері, оның ішінде аэрогематикалық мембранды 
жүйе  организм  мен  ішкі  орта  арасындағы  газ  алмасуда  қызығушылық  тудырады.  Аэрогематикалық 
мембранды  жүйе  өте  нəзік  жəне  ол  əр  түрлі  абиотикалық  жəне  биотикалық  типтегі  əсерлерге  өте 
сезімтал. Сондықтан мұндай жүйенің ультраструктурасы əр түрлі əсерлердің салдарынан жиі өзгеріп 
тұрады. Кейбір омыртқалы жануарлардың нəзік құрылымы аз зерттелген жəне олар туралы деректер 
өте қарама-қайшы 
Зерттеуге материал ретінде сиыр жəне құс типті туберкулез микробактериясымен зақымданған 
үлкен құмтышқанның резекционды өкпе ұлпасы алынды. Электронды-микроскопиялық зерттеу үшін 
қалыпты жəне патологиялық өкпе ұлпасы алынды. Кескіндер ЭВМ – 100К электронды микроскоптың 
көмегімен қаралды.  
Зерттеудің  нəтижесінде  қабыну  үрдісінің  негізгі  белгісі  I  жəне  II  типтерінің 
ультраструктурасындағы  күрт  өзгерістер  болып  табылады.  Бұл  өзгерістер  ең  алдымен  ядроға 
байланысты.  Хроматинді  блоктар  ядроның  орталық  бөліктерінде  орналасқан  жəне  перинуклеарлық 
кеңістік  жұқа  қабатты  хроматинмен  шектеледі.  Жасушалардың  цитоплазмасы  əдетте  тығыздалады 
жəне  жасушаның  мембранасы  ісінеді.  Жасушадағы  митохондриялар  ағартылған  матрицаға  ие. 
Митохондрия  кристалары  ісінеді  немесе  кішірейеді.  Эндоплазмалық  ретикулум  каналдары  ісінеді. 
Жасуша  цитоплазмасында  лизосома,  вакуоль  жəне  ретикулумның  жеке  түтікшелері  өте  көп 
мөлшерде  болады.  Гольджи  аппаратының  түтіктері  мен  басқа  да  элементтері  цитоплазмаға 
вакуольденеді  жəне  екі  типте  де  липилті  қосылыстар  байқалады.  ІІ  типтің  пневмоцит  ядросы  жиі 
тығыздалған.    Дəнекер  ұлпасының  элементтері  де  өзгерістерге  ұшыраған.    Фибробласттарда 
коллагеннің  белсенді  синтезі  жүреді.  Альвеолярлы  кеңістікте  үлкен  ядролы  жəне  көптеген 
псевдоподиялары бар макрофагтар кездеседі.  
Ультраструктуралық  деңгейдегі  туберкулезді  өзгерістер    аэрогематикалық  мембрананың  күрт 
ұлғайған орындарында көрінеді, бұл альвеолярлық ауа мен капиллярлар арасындағы газ алмасудың 
қиындығын  көрсетеді.  ІІ  типті  пневмоциттерде  күрт  өзгерістер  байқалады.  Оларда  эндоплазмалық 
тор  көптеген  вакуольдерге  бөлінген,  митохондрийлер  өте  кішірейген,    осмиофильді  денешіктер 
тығыздалуы  нəтижесінде  беттік-  белсенді  сурфактант  затының  бөлінуі  тоқтатылды.  Бұл  дегеніміз 
құмтышқан  өкпесінің  альвеолярлы  жасушалары    сəйкес  жағдайларда  өзінің  вируленттілігін  көтере 
алатын  жəне  туберкулез  инфекциясының  бастамасы  бола  алатын  bovis  штампының 
тасымалдаушылары болып табылатынын көрсетеді.  
Жетекші:  и.о. профессор Есимсиитова З.Б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет