"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ АЛАТАУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН HIERACIUM ECHIOIDES LUMN. - ҚЫЗҒЫЛТ



Pdf көрінісі
бет6/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ІЛЕ АЛАТАУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН HIERACIUM ECHIOIDES LUMN. - ҚЫЗҒЫЛТ 
САРШАТЫР ӨСІМДІГІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Абдығапарова Г. Е.  
Əл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық униерситеті 
gulshat_96.8_11@mail.ru
  
 
Əсем  табиғаты,  алуан  түрлі  флорасы  бар.  Іле  Алатауының  қоршаған  ортаны  қорғада  алатын 
орны ерекше. Ондағы көптеген түрлер өздерінің пайдалы қасиеттерімен белгілі, атап айтсақ азықтық, 
дəрілік,  техникалық,  тағы  басқа.  Перспективті  дəрілік өсімдіктердің ішінен  Hieracium  L.-  саршатыр 
туысының түрлері практикада қызығушылық туғызып отыр, себебі бұл өсімдік құрамы биологиялық 
белсенді заттарға бай. Осыған байланысты қазіргі таңда бұл өсімдікті морфологиялық, анатомиялық 
жəне  фитохимиялық  зерттеу  жұмыстарын  жасау  өзекті  мəселелердің  бірі  болып  табылады.  Іле 
Алатауында  кездесетін  hieracium  echioides  Lumn.-  қызғылт  саршатыр  өсімдігінің  морфологиялық 
ерекшелігін зерттеу.  
Іле  Алатауы  жағдайында  жиылып  алынған  түрлерге  морфологияық  талдаулар  жасалынды. 
Сабағының  биіктігі  25-110  см,  күрделігүлділер  (Asteraceae)  тұқымдасына  жататын  көпжылдық 
шөптесін  өсімдік.  Сабағының  қалыңдығы  1,5  -5мм  бүктелген,  тығыз,  түкті.  Сабағы  тығыз  бірнеше 
жиі орналасқан, жоғары қарай қабысқан, ашық түсті қатты қылтанды, қатты жұлдызшалы түкті. Жер 
жатаған  жапырақтары  базальды  5-20  мөлшерінде.  17  см-ге  дейін,  сопақша,  ерте  құрғап  кетеді,  тар 
сызықтық-ланцетті бірте-бірте азайып, 2-5 мм талшықтанған əрі бір жоғарғы төменгі жағы, шашты 
жасыл  түсті  байқауға  болады.  Жер  жатаған  жапырқтары    гүлдену  кезінде  құрғақ  болады;  кəдімгі 
жапырақтарының  саны  5-13,  тар  -  ланцет  тəрізді,  қатты,  сұр,  тығыз  түктеріне  байланысты  сұр  – 
жасыл  болып  көрінеді.  Гүл  серігі  қолшатыр,  себеттері  10-30  дан  артық  болады.  себеттер,  өте 
қысылған  қолшатыр  бос  шашыраңқы  жиналған  саны  7-30,  орам  жапырақтары  тар,  бездері  жоқ 
,қарапайым қызыл-сұр қылшықты. Гүл себеттері гүлдену соңында жұмыртқа пішінді болып көрінеді. 
Аталығы  қара-сары,  аналық  аузы  сары;  тұқымы  2,2  мм  қақырамасы  тұқымына  қарағанда  ұзын. 
Тамыры  қысқартылған  иілген,сымға  ұқсас  бағынышты  тамырлары  бар.  Мамыр  –  тамыз  айларында 
гүлдеп,  тамыз  қыркүйек  айларында  жемістенеді.  Кездесетін  жерлері  құрғақ  жерлерде,  негізінен, 
құмды жəне қыртыстық топырақта, қарағай ормандарының шеттерінде, шөпті далалар, шөпті бұталар 
мен  бұталы  беткейлер.  Hieracium  ehioides  Lumn.  –  өсімдігінің  құрамында  илік,  ащы,  шырыш, 
фенолкарбон  қышқылы,  кумарин  (умбеллиферон),  көмірсулар,  марганец.  Гүлінен  каротиноидтар, 
флавоноидтар  (лютеолин,  апигенин,  изорамнетин)  табылған.  Қорыта  келгенде  өсімдік  құрамында 



 
биологиялық  белсенді  заттардың  көп  мөлшерде  болуына  байланысты  осы  өсімдіктің  болашақта 
анатомиялық, фитохимиялық жəне басқа да дəрілік қасиеттерін зерттеу жалғасын табады.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Б.М. Тыныбеков 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет