"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


СЕКСЕУІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет58/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   372
СЕКСЕУІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА МАҢЫЗЫ 
 
Кеубасова Г.О, Боранбаева Г.Ж. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
guldenok@bk.ru
  
 
Сексеуіл[Haloxylon]  –  алабұта  тұқымдасына  жататын  көпжылдық  өсімдіктер  туысы,  аса  биік 
емес ағаш ,бұта. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Діңі бұдырлы, ашаға ұқсап бұтақтанған, сыңғақ, жас 
өркендері  бунақты  болады.Жапырағы  ұсақ,  қабыршақ  тəрізді,  қарама-қарсы  орналасқан.  Гүлі  ұсақ, 
қос жынысты, бір үйлі. Өркені мен тұқымы арқылы өсіп-өнеді. 30-60 жылдай өсіп тұрады. Жемісі – 


41 
 
дəнек. “Сексеуіл” - түрік сөзі, қазақшаға аударғанда “аттың құйрығы” деген мағына береді.Ауа-райы 
ыстық,  құрғақ  болғанда  жапырақтары  түсіп,  төмен  қарай  иілген  бұтақтары  шынымен  де  аттың 
құйрығына  не  жалына  ұқсайды.  Ал  оның  грекше  “халоксилон”  атауы    “тұзды  ағаш”деген  мағына 
береді. Олар əбден қурағанда да топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан діңінің астына 
көптеген өсімдіктер тіршілік ете алмайды.  
Сексеуілге зиянын тигізетін зиянкес жəндіктердің 200-дей түрлері бар: шекіртке, жұлдызқұрт, 
түн көбелігі, біз тұмсық, зауза қоңыз, бүргешіркит, кене, қандала, бит, сымыр, біте. Бұлар діңдер мен 
бұтақтарды, жасыл өркендерді, генеративтік органдары мен тамырларын зақымдайды . 
Сексеуілдің  кез  келген  түрінің  шаруашылық  маңызы  зор.  Оның  сүрегінен  сірке  қышқылы, 
метил  спирті,  ацетон,  шайыр  алынады.  Көк  бұтақшасында  лимон  қышқылы  1-3%,  қымыздық 
қышқылы 20-25%, күл 20-25% бар. Құрамында сақар, сода көп. 
Сексеуілден  бағалы  отын  алынады.  Бұл  ағаштың  діңін  кесу  де,  балтамен  жару  да  қиын. 
Дайындаған  кезде  жіппен  не  тросспен  байлап  тартады,  кейде  темір  шонжырлар  немесе  тракторға 
сүйретілген  үшбұрышты  бекітілген  жуан  бөренелер  пайдаланылады.  Мұндай  дайындау  əдісі 
сексеуілдің барлық түрлерін, жас өскіндерін қоса жойып жібереді. Осыған байланысты сексеуіл алып 
жатқан  жерлер  қысқара  түсуде,  кəрі  ағаштар  жалпы  сирек  5  метрлік,  20  жылдық  түрлер  қалмаған. 
Жергілікті  тұрғындар  жеке    басының  қажетін  қанағаттандыру  үшін  отынға  жəне  сату  мақсатында 
даярлайды.  Қазіргі  уақытқа  дейін  оңтүстік  қалалардың  көшелерінде  сексеуілдің  отын  бумаларын 
сатады,  олар  шашлық  даярлау  үшін  бағалы  отын.  Сексеуілдің  күлінде  поташ  бар,  ертеде  сабын 
қайнатуға  пайдаланылған.  Жасыл  азықтық  бұтақтары  түйелер  үшін  маңызды,  бірақ  сексеуілдің  ең 
жоғары бағалануы оның топырақты тұрақтандыруында. 10-11 метрге дейінгі тереңге кететін мықты 
тамыр  жүйесі,  құмды  жуылып  кетуден  қорғайды.  Сексеуілді  көгалдандыру  жəне  шөлді  аймақтарда 
ормақ жолақтарын құру мақсатында өсіріледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет