ІЛЕ-БАЛҚАШ АЙМАҒЫНДАҒЫ ACONTHOPYLLUM PUNGENS САБАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ Кисимова Г.О.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
kissimova-gauhar@mail.ru
Қазақстан өлкесі өсімдіктерге өте бай. Қазіргі уақытта аса бағалы, таптырмайтын табиғат
ресурсы жəне дəрілерді дайындау үшін шикізат көзі – дəрілік өсімдіктер болып табылады. Қазақстан
флорасында кездесетін үлкен ғылыми–практикалық қызығушылықты тудыратын Aconthophyllum pungens дəрілікөсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу маңызды болып табылады. Жұмыстың мақсаты: Іле-Балқаш аймағынан жиналған Aсonthopyllum pungensсабағының
анатомиялық ерекшелігін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Aconthophyllum pungens өсімдігінің сабағы. Жұмыстың əдістемесі: Aconthophyllum pungens өсімдігінің анотомиялық белгілерін анықтау
Р.П. Барыкиннің (2004) жалпы қабылданған əдістемесімен жүргізілді. Сипаттамасын жазуда
Вехованың (1980) еңбегіне сəйкес жалпыға бірдей терминология пайдаланылды. Микротографиялар
МC-300 (MICROS, Austria) микроскобында жасалды.
Зерттеу нəтижесінде төмендегідей нəтижелер алынды: Aconthophyllum pungens өсімдігінің
сабағының анатомиялық құрылысы 3 топографиялық зонадан тұрады: жабындық ұлпа, алғашқы
қабық жəне орталық цилиндр.
Жабындық ұлпасы бірінші реттік эпидерма паренхималық клеткаларынан құралған, олар бір-
бірімен тығыз орналасқан. Эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғалары қалың, сырты кутинмен
қапталған. Бұл қосымша қорғаныштық қызметті арттырады жəне транспирацияны азайтады.
Алғашқы қабықтың сырты эпидермамен, ішкі жағынан эндодермамен шектеледі. Сабақтың
эпидерма қалыңдығы 0,41
±0,04 мкм құрайды. Алғашқы қабықта эпидерманың астында хлоренхима
бірнеше қатарлы болып орналасқан. Жапырақ тақтасы тікенекке айналғандықтан ассимиляциялық
функцияны сабақ та атқарады. Сондықтан хлоренхима ұлпалары жақсы жетілген. Хлоренхима
ұлпаларынан кейін алғашқы қабықта склеренхима кеңінен дамыған, қалындығы
0,57
±0,02 мкм.
Склеренхима алғашқы қабықта кездесетін тірек ұлпалары болып табылады. Склеренхима
клеткаларының басым дамуы склерефикацияны білдіреді. Склеренхимадан кейін алғашқы қабық
паренхама клеткалары орналасқан. Алғашқы қабықтың
паренхималық клеткалары дөңгелек пішінді.
Орталық цилиндр өткізгіш ұлпалардан жəне өзектік паренхимадан тұрады. Өткізгіш ұлпалар
шеңбер бойымен орналасқан.
Флоэма ұлпалары ұсақ пішінді клеткалар жиынтығынан, ксилема кең көлемді клетка
қабырғалары қалың клеткалардан тұрады.. Сабақтың ксилемасының қалыңдығы 0,18
±0,01 мкм. Одан
кейін ортасында өзек орналасқан. Өзекте артық қор заттары жинақталады.
Қорыта келе зерттеу барысындағы Іле-Балқаш аймағының Aсonthopyllum pungens дəрілік
өсімдігінің сабағының анатомиялық ерекшеліктері анықталды.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Ахтаева Н.З.