"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


    САСЫҚҚКӨЛ КӨЛІНДЕГІ КӨКСЕРКЕ (SANDER LUCIOPERCA)



Pdf көрінісі
бет83/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 


57 
 
САСЫҚҚКӨЛ КӨЛІНДЕГІ КӨКСЕРКЕ (SANDER LUCIOPERCA) 
ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Нуруллаева Ж.Қ. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  
jako_96n@mail.ru
  
 
Сасықкөл - Алакөл көлдер жүйесінің құрамындағы, аумағы 736 км
2
 құрайтын, батыс бөлігінде 
орналасқан тұйық көл. Сасықкөлге оңтүстік-шығыстан Тентек өзені, солтүстіктен Қарақол өзені, ал 
батыстан  Ай  өзені  келіп  құяды.  Сəуір  айының  соңы  мен  мамыр  айының  басында  өзен  суларының 
қатты  тасулары  жүріп,  осында  мекендейтін  балықтардың  уылдырық  шашуына  кең  аудан  түзеп, 
негізгі өрістеу орны болып табылады. 
Көксерке (Sander lucioperca) - Алакөл көлдер жүйесіндегі кəсіптік құны жоғары балықтың түрі. 
Ең  алғаш  Алакөлге  1963  жылы  Жайық  өзенінен  əкелінсе,  кейін  1968  жылы  Сасықкөлге  құятын 
Тентек  өзеніне  Билікөлден  əкелініп  жерсіндірілген.  Бүгінгі  таңда  көксеркелер  Алакөл  көлдер 
жүйесінің барлық жерлерінде кездесетін пелагикалық балық. Өзінің нарықтағы сұранысының жоғары 
болуына  байланысты,  кейінгі  жылдары  көксеркелер  жаппай  кəсіптік  ауланымға  айналды, 
нəтижесінде оның ұзындық-жастық құрылымына жəне санының ауытқуына əсерін тигізді. 
Қажетті  материалдар  2016  жылдың  жаз  жəне  күз  айларында  Қазақ  балық  шаруашылығы 
ғылыми  зерттеу  институты  қызметкерлерінің  көмегімен  жиналды.  Популяцияның  ұзындық-жастық 
жəне салмақтық қатынастарын, сондай-ақ олардың аулаудағы үлесін анықтау үшін, əртүрлі тор көзді 
ғылыми  аулардың  жиынтығы  құрылды.  Ихтиологиялық  материалдардың    алғашқы  жəне  екіншілік 
өңдеу жұмыстары кафедраның лабораториясында өңделіп, статистикалық өңдеу жұмыстары ғылыми 
жетекшінің нұсқаулығымен MS«Excel» бағдарламасында орындалды. 
Биологиялық  анализдің  нəтижелеріне  сəйкес  Сасықкөлдегі  көксерке  балықтарының  ұзындық 
құрылымы  100-355  мм  арасында,  ал салмағы  10-935  г  арасында  ауытқыды.  Жастық  қатары  Алакөл 
жəне Қошқаркөлге қараған өте қысқы, мұнда олардың жасы тек 4+ жаспен шектеледі. Популяцияда 
2+ жастағы даралардың саны басым (40,62%) болды. Ал қалған жастағы даралардың пайыздық үлесі 
келесідей  1+  (30,0%),  3+  (26,25%),  4+  (3,12%)  көрсеткіштерге  сəйкес  келді.  Əдебиеттер 
сілтемелерінде  келтірілгендей  2006-2008  жылдары  Сасықкөлдегі  көксерке  популяциясының  жасы 
12+  жасқа  дейін  тіркелгені  анықталған.  Ұзындық  құрылымын  бойынша  18-24  см  ұзындықтағы 
көксеркелер жиірек  ауланады. 
Сасықкөлдегі  көксеркелердің  жыныстық  құрылымы  1,6:1,0  болып,  аналықтарының  үлесі 
жоғары болды, сонымен қатар популяцияда жыныстық жетілмеген даралары да көп (19,4%) кездесті. 
Сасықкөлдегі  кəсіптік  ауланымның  қарқынды  жүруі,  көксерке  популяциясының  жастық  жəне 
ұзындық  қатарының  қысқарып,  саны  азайып  жəне  жыныстық  жетілмеген  дараларының  көптеп 
ауланатыны анық байқалады.  
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Шарахметов С.Е. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет