56
Ақұнтақ. Ауру қиярдың гүлдеу-түйнек байлау, пісу кезеңінде (25.06-02.07) аурудың даму
деңгейі орташа есеппен 5-10%-ға жетті.
Альтернариоз.Өсімдік жапырағаның 20-25%-ын, егістіктің орта есеппен 20-30%-ға жуық
ауданын зақымдаған.
Пероноспороз. Қияр жапырағаның 60-70%-ын, өсімдіктің 50-60% бөлігін зақымдаған. Орташа
есеппен əр 10м
2
ауданның 35-45%-ы ауруға шалдыққан.
Бактериоз. Қияр пəлегінің зақымдалуы орта есеппен 15-17%, ал жемісінің зақымдалу дəрежесі
8-10%-ды көрсетті.
Қызанақта көп кездескен аурулар -
фузариоздық солу, фитофтороз, бактериялық қарадақ
болды.
Фузариоздық солу. Бұл ауру ерте көктемгі 3 апталық көшеттерде (18.03-30.03 2017ж.),
жабықжайлардағы қызанақтарда жиі кездесті. 500 түп көшеттен 65-75 түп көшет фузариоздық солуға
ұшыраған.
Фитофтороз. Қызанақта ең көп кездескен ауру. Жемістің орта есеппен 60-70%-ын, егіннің 45-
50%-ға жуық ауданын зақымдаған.
Бактериялық қарадақ. Өсімдіктің орташа есеппен 70-80% бөлігін, егіннің 30-40%-ға жуық
ауданында таралған.
Алынған мəліметтер негізінде тұқымдық дəнді дəрілеу, ауыспалы егісті ұстану, вегетация
кездері ауру байқалысымен дақылды химиялық препараттармен өңдеу, танаптағы өсімдік
қалдықтарын жинап, жою, жабықжайларда ылғалдылық жəне температураны қалыпта ұстау сияқты
аурулармен күресу шаралары ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: