58
өнімділік деңгейі 4-5 ц/га аспай отыр.Сондықтан мақсары дақылын өсірудің тиімді
агротехнологиялық жүйесін жасау бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
Егіс алқаптары күзде жыртылған жағдайда топырақты тырмалау жұмыстарын жүргізу топырақ
дегдісімен сапалы, уақытылы орындалса, танаптың арамшөптерімен ластану дəрежесіне қарай,
қыстап шығатын немесе қос жарнақты арамшөптерге қарсы 10-12см тереңдікте қопсыту тиімді
агротехникалық тəсіл.
Мақсары дақылының өнімділігіне агротехникалық əсерін анықтау мақсатында, тұқымды ерте
көктемде +4-6°С жəне топырақтың тұқым себу қабатының температуарсы +8-10С мерзімдерінде
себу жұмыстары жүргізілді. Тəжірибе жұмыстарында жүргізілген агротехнологиялық шаралар
көрсеткендей оңтүстіктің тəлімі жерлерінде мақсарының оңтайлы себу мерзімі топырақтың тұқым
себу қабаты, 8-10°С сəуір айының бірінші онкүндігіне тура келді. Қолайлы топырақ
температурасының нəтижесінде осы мезгілде себілген дақылдың өскіні 10-12тəуліктен кейін пайда
болды. Демек, мақсарыдан куатты жəне жаппай өскін алу үшін оны қолайлы температурада
жылынған топыраққа себу қажет. Зерттеу жұмыстарындағы алынған нəтижелер көрсеткендей, ең
жоғарғы өнім дақылды сəуір айының бірінші онкүндігінде еккен нұсқадан орташа 22,6ц/га жиналды
ал наурыз айының екінші онкүндігінде себілген тұқым өнімі төмендеу болып шықты ( 18,4ц/га).
Сонымен себу мерзімі кезінде ылғалмен қамтамасыз етілген тəлімі жерде мақсарыны қолайлы егу
мерзімі сəуір айының екінші онкүңдігі. Осы мезгілде себілген тұқымның өскіні 10-12 тəулікте
жаппай жер бетіне шығып, егістік өнгіштігі 92,0 % жетеді, бұл көрсеткіш ерте себілген нұсқадан
2,5%-ға жоғары болды.
Сонымен, мақсары дақылының өніміне агротехникалық шаралардың ықпалы бар екені
анықталды.
Ғылыми жетекші: а.-ш.ғ.к. Сүримбаева Күлайша
Достарыңызбен бөлісу: