"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАННЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ӘР ТҮРЛІ ЛЕЙКОЗ



Pdf көрінісі
бет123/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   372
ҚАННЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ӘР ТҮРЛІ ЛЕЙКОЗ 
ФОРМАСЫНДА ЗЕРТТЕУ  
 
Алтынбек  Ж. Ж.  
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
altynbekova-zh@mail.ru
  
 
Қазақстан мемлекетінің қалаларында соңғы жылдардың ішінде өте ауыр экологиялық жүктеме 
байқалады.  Басты  ластаушылар  автокөліктер,  түрлі  газ  құбырлары.  Яғни,  автокөліктерден  сыртқа 
шығатын газдармен бірге 200 шамасында түрлі ластаушы заттар сыртқа шығарылып отырады, соның 
ішінде  Cd,  Pb  –  сынды  ауыр  металдар  да  бар.  Яғни,  қазіргі  таңда  ауыр  металл  тұздарының 
адамдардың  гематологиялық  көрсеткіштеріне  кері  əсер  ететіндігіне  жəне  тұрғындардың 


84 
 
денсаулықтарына  потенциалдық  қатер  алып  келетіндігі  айқындалды.  Сонымен  қатар  мегаполис 
тұрғындарына  түрлі  сəулеленулермен  қатар  созылмалы  стресстер  əсер  етеді.  Жоғары  интенсивті 
радиация  əсерінен  қан  гемограммасында  өзгерістер  пайда  болады.  Соның  нəтижесінде  қан  түзетін 
органдар жүйесінің бұзылыстары байқалып, лейкоз ауруларының пайда болуына əкеледі.  
Зерттеу жұмысының объектілері  ретінде  18-24, 30-39, 60 жəне одан жоғары жастағы əйел мен 
ер адамдар жəне балалар  алынып,  олар жынысына байланысты бөлінді. 
Жұмыстың  мақсаты:  жас  жəне  жыныс  ерекшеліктеріне  байланысты  тұрғындардың  қанының 
құрамындағы лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттерді сапалық жəне сандық  тұрғыда зерттеу.  
Жұмыс  барысында  қан  құрамындағы  гемоглобин,  гематокрит,  эритроциттердің  саны, 
тромбоциттер,  лейкоциттер,  эритроцитарлық  индекстер  MCV  (эритроциттердің  орташа  мөлшері), 
MCH  (бір  эритроциттер  гемоглобиннің  орташа  мөлшері),    MCHC  (эритроциттегі  гемоглобиннің 
орташа концентрациясы) анықталды.   
Лейкоз  -  қан  түзетін  органдар  жүйесінің  қатерлі  ісіктері.  Ісік  жілік  майындағы  клеткалардың 
тоқтаусыз  өсуімен  жəне  сол  жердегі  қалыпты  қан  жасалу  процесінің  бұзылуымен  сипатталады. 
Соның  нəтижесінде  қан  түйіршіктерінің  (эритроцит,  тромбоцит)  саны  азайып,  ал  жетілмеген 
лейкоциттер  саны  көбейіп  кетеді.  Лейкозға  ұшыраған  қан  өндіретін  жасушалар  өспе  жасушалары 
сияқты жетілмеген жас түрлерінде болады жəне сау жасушалардан, құрылымы, қасиеттері бойынша 
ерекшеленеді..  Лейкоздың  пайда  болуына  көптеген  əртүрлі  қоздырғыштар  (химиялық  экзогендік 
жəне эндогендік концерогендік заттар, вирустар, иондағыш сəулелер) əсер етеді.  Олардың барлығы 
дене  жасушаларының  өсіп  -өнуін  қадағалайтын  гендік  құралдарында  мутация  туындатады.  Бұл 
мутациялық қағида бойынша көптеген қоздырғыштардың (вирустың, радиацияның т. б.) əсерлерінен 
бағаналы  қан  өндіру  жасушасында  онкогендердің  əсерленіп  кетуі,  супрессор-гендердің  жоғалуы, 
апоптоздық геннің бөгеліп қалуы сияқты ауытқулар пайда болады.  
Қанның  жалпы  анализі  арқылы  көптеген  аурулардың  басты  диагностикасын  қоюға  мүмкіндік 
туады.  Гемограмма  көрсеткіштері  перифериялық  қанның  клеткалық  құрамын  сипаттайтын  сапалық 
жəне  сандық  көрсеткіштерінің  жиынтығын  анықтауда,  көптеген  зерттеу  жұмыстарында  зерттеу 
əдістері  ретінде  қолданылады.  Гематологиялық  зерттеулердің  нəтижелері  қан  жасау  жүйесіндегі 
зақымдануларын анықтауда, ағзаның күйін бағалауда жəне функционалдық көздеріне баға беруде өте 
қажетті.  Əр  түрлі  қалалардағы    жас  ерекшелігіне  байланысты  топтардағы  тұрғындардың 
гематологиялық  көрсеткіштеріне  мониторинг  жасағанда,  тұрғындардың  жалпы  функциональдік 
күйіне де анализ жасауға болатындығы  анықталды.  
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент Сраилова Г. Т. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет