"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ГИПОДИНАМИЯ САЛДАРЫНАН ПАЙДА  БОЛАТЫН АУРУЛАРДЫН АЛДЫН АЛУ



Pdf көрінісі
бет125/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   372
ГИПОДИНАМИЯ САЛДАРЫНАН ПАЙДА  БОЛАТЫН АУРУЛАРДЫН АЛДЫН АЛУ 
 
Атабаева А.М. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті 
ainur_atabaeva@bk.ru 
 
Қазіргі  жақандану  кезінде  біздің  қоғамымыздың  ілгерілеу  процесіндегі  қоғам  факторы  жəне 
оны  жандандыру,  ел  өмірінің  барлық  əлеуметтік  жақтарын  жаңарту  жайында  əлеуметтік  мəселелер 
күрделеніп  отыр.  Ал  нарықтық  қатнасқа көшу  мен  экономикалық  реформалау  жаңа  технологияның 
қарыштап  дамуы  елімізде  өз  əлеуметтік  мəселені  алып  келді.  Прогрестік  жетістіктер,  (компьютер, 
автокөлік, ұялы сымтетік т.б) адамдарды артық қозғалыс пен ауыр жұмыстан көбірек босатқан сайын 
соғұрлым қозғалыс белсенділігінің орнын толтыру тəуелділігі артып отыр.  
Зерттеу  жұмысында  аз  қимылды  қалыптың  –  гиподинамияны  дəрі-дəрмексіз  жолмен  емдеу 
негіздері  зерттелінді,  бұл  аурудың  қазіргі  таңда  қаншалықты  күрделі  мəселеге  айналып 
отырғандығын  жəне  ағзаның  вегетативті  жүйесі,  жүрек  қан  тамыр,  тыныс  жолдарына  тигізетін 
зардабы, сонымен бірге гиподинамияға қарсы амалдар, аурудың алдын алу жолдары қарастырылды. 
Эксперименттік  топ  жұмысшыларына  1  ай  уақыт  аралығында  күнделікті  əр  сағат  сайын  10 
минут  уақытында  «Айкүне»  элементтерін  орындайды.  Əр  бір  10  күн  сайын  бақылау  жүргізіліп 
отырды. Екі топтың психо-эмоционалдық деңгейін ашу үшін кең тараған Люшер тесті қолданылды. 
Бастапқы  он  күннен  кейінгі  зерттеуіміздің  нəтижесінде  1-бақылау  тобының  жұмыс  істеу 
қарқындылығы ең төменгі деңгейде екендігі байқалды.  
Ал  2-эксперименттік  топта  аздап  психикалық  қауырттылығы  байқалды.  Ағзаның  жүйке 
психикалық бұзылуы 100 %-дық көрсеткіш деңгейімен бағаланды. Нəтижесінде 1-бақылау тобының 
зерттеу  нəтижесі  бойынша  жүйке жүйесі  2-эксперименттік  топқа  қарағанда  40 %-ға  жоғары  болды.  
Зерттелінушілеріміздің  келесі  он  күннен  кейінгі  «Түстік  Люшер»  əдісі  арқылы  қайта  байқауда  1-
бақылау  тобының  жоғарыда  көрсетілген  көрсеткіші  бойынша  өзгерістер  байқалмады.  Керісінше  2-
эксперименттік  топтың  жақсы  көрсеткіштері  байқалды.  Жүйке  жүйесінің  қауырттылығы  20  %-ға 
төмендеді.  
Талқылай  келсек  «Айкуне»  жаттығулары  осындай  ауруларды  жақсы  емдейді  жəне  бұл 
ауруларды  алдын  алуда  маңызы  өте  зор.  Бұған  дəлел  ретінде  респонденттердің  зерттеу  барысында 
Каз почта мекемесінің жұмыскерлерінің 50 %-дық көрсеткіші 20 %-дық көрсеткішке төмендеді, содан 
кейін 20 %-дық көрсеткіштен 10 %-дық көрсеткішке төмендеді. 
Жұмыстың  қорытындысында  салауатты  өмір  салты  мəселелері  жөніндегі  білімін  арттыру 
мақсатында  халық  арасында    денсаулық  сақтау  жəне  нығайту  үшін  «Айкуне»  жаттығуларын 
насихаттау қажеттілігі айтылады. 
 
 
 


86 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет