"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БИОФИЗИКА САЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет204/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   372
Байланысты:
thesis114326

БИОФИЗИКА САЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
Унбаева С. 
Ақтау қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 
saltan_o_kz@mail.ru
  
 
Қазіргі таңда барлық ғылым салаларының өзекті мəселелерін зерттеп қана қоймай, бір-бірімен 
интеграциялауы да мəн берілуде. Əсіресе, жаратылыстану ғылымдарының математика, информатика, 
физика  пəндерінің  биология  ғылым  саласына  кіріктірілуі  толық  зерттелген.  Мысалы,  əйгілі 
Мендельдің  ашқан  заңдары  физиканың  А.Эйнштейннің  «Ықтималдылық  теориясына»  негізделген. 
Ең 
алғашқы 
физиканың 
биологияға 
интеграциялануы 
рентгенқұрылымдық 
анализ, 
спектрофотометрия секілді биологиялық зерттеулерде басталды. Зерттеулер жақсы нəтиже көрсетіп, 
қазіргі  таңда  биофизика  қарқынды  даму  үстінде.  Дегенмен  биофизика  түсінігінің  мəні  өте  терең. 
Биофизика  –  физикалық  заңдарды  қолдана  отырып,  биологиялық  үдерістерді  кең  ауқымда 
түсіндіретін  ғылым  саласы  деп  қарастыруға  болады.  қазіргі  заманауи  биофизиканың  бірнеше 
мəселелері  бар:  біріншісі  –  биологиялық  даму  мен  ақпараттар  теориясының  қатынасы.  Ақпараттар 
теориясы  барлық  биология  ғылымдарында,  педагогикада  да  кеңінен  қолданылады.  Бірақ, 
биологиялық  даму  жүру  үшін  міндетті  түрде  практикалық  дəлелдеме  қажет.  Сондықтан  да  
биологиялық жүйелерді түсіндіру жəне түсіну үшін энтропия мен біркелкілік секілді ұғымдарды білу 
маңызды.  Мысалы,  нуклеин  қышқылдары  мен  нəруыз  синтезін  сипаттау  үшін  трансляция, 
транскрипция,  репликация  үдерістері  шексіз  энергиямен  қамтамасыз  етілген  болып  көрінуі  мүмкін. 
Алайда, бұл биожүйелер өлі материяның біркелкілік теориясымен салыстыру арқылы түсіндіріледі.  
Екінші  мəселе  –  тіршіліктің  термодинамикалық  негізін  зерттеу.  Термодинамика  биологиялық 
жүйенің  (ағзаның)  энергетикалық  күйін  энтропия  түсінігімен  байланыстырып  қарастырады. 
Термодинамика  заңы  бойынша  изоляцияланған  жүйеде  энтропия  өздігінен  қалыпты  (қайтымды) 
немесе  ұлғайған  (қайтымсыз)  күйде  болуы  мүмкін.  Сонымен  энтропия  көмегімен  биологиялық 
үдерістер  қандай  факторлар  əсерімен  қандай  бағытта  жүруі  мүмкін  екендігін  болжауға  болады. 
бірінші мəселедегі секілді энтропияны ақпарат теориясы түрінде де қарастыра аламыз. Энтропияның 
бір кемшілігі неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым энергия көп жұмсалып, үдеріс қайтымсыз бола 


140 
 
бастайды. Нəтижесінде алғашқы қалыпқа қайтып келу қиындай түседі. Биологиялық жүйелердің бір 
ерекшелігі  қайтымды  үдерістердің  жоқтығы.  Сондықтан  да  энтропия  мен  биологиялық  жүйелер 
интеграциялана  алады.  Барлық  үдерістер  қайтымсыз  болғандықтан,  барлық  энергия  жұмысқа 
жұмсалмайды. Көбіне, энергия жылу түрінде беріледі.  
Ағза  стационарлы  күйде  өзінің  тұрақтылығын  сақтай  алады.  Солай  биожүйелер 
авторегуляцияны сақтайды. Мысал ретінде қандағы глюкоза мөлшерін алуға болады. Сонымен қатар, 
ағза  тəулік  бойы  қанша  тағам  қабылдаса  да,  өзінің  бірқалыпты  салмағын  ұстап  тұрады.  Бəрімізге 
белгілі  ағзамыздағы  температураның  тұрақты  болуы  тұтынатын  тағамның  энергиясынан  емес, 
энтропия бөлінуінің азаюынан болады.  
Қорытындылай  келе,  биологиялық  үдерістерді  зерттеп,  түсіндіре  алу  үшін  қазіргі  заманауи 
биофизикалық əдіс-тəсілдерді пайдалану арқылы жақсы нəтижелерге жетуге болады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет