"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНЫҢ ҚАНТ ҚҰМАЙЫ СОРТТАРЫНЫҢ КЕЙБІР



Pdf көрінісі
бет251/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   372
 
АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНЫҢ ҚАНТ ҚҰМАЙЫ СОРТТАРЫНЫҢ КЕЙБІР 
БИОПАРАМЕРЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ 
 
Тілеу Ə.Ж., Умарова А.А. 
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті  
tileu.asel@mail.ru
  
 
Жердің  биосферасына  жыл  сайын  шамамен  500  мыңнан  астам  химиялық  заттар  түседі,  жəне 
олардың көпшілігі топырақта кеңінен таралады. Олардың арасында ерекше қауіптісі ауыр металдар 
болып табылады, олар қауіптілік жағдайында пестицидтерден кейін жəне көміртегі диоксиді, күкірт 
сияқты  кеңінен  танымал  ластаушылардың  алдында  тұр.  Қазақстан  Республикасында  табиғатты 
пайдалануды  басқарудың 
ресурстық-шикізат  қорына
 
байланысты  бүгінгі  күні  20  млрд.  астам 
өнеркəсіптік қалдықтар жинақталып, жыл сайын шамамен 1 млрд. тонна қалдықтар қоршаған ортаға 
таралады.  Сондықтан,  əлемдік 
ресурстық-шикізат  қорының  молдығына  байланысты 
 
ірі 
мемлекеттерінің  ондығына  кіретін  Қазақстан,  қазір  барлық  параметрлер  бойынша  экологиясы 
төмендеген  мемлекеттер  қатарына  кіреді.  Ауыр  металдар  трофикалық  тізбек  арқылы  топырақ-
өсімдік-адамдарға таралып əртүрлі деңгейдегі заладарын тудырады.  
Бұл  зерттеу  жұмысында  стресс  факторларға  төзімді  екенін  анықтау  үшін  ең  көп  тараған 
отандық жəне шетелдік қант құмайы сорттарына ауыр металдар  – Cd жəне Cu–ның əсері зерттелді. 
Жұмыс  барысында  сорттардың  дəндерінің  өнуі,  өскіннің  қалыптасуы,  құрғақ  биомасса  жинақтауы 
анықталды.  Кадмийдің  2  мг/л  концентрациясы  құмай
  өскіндерінің
  өсуін  төмендетті.  Бұл  əсіресе 
тамырдың қалыптасуына айтарлықтай əсер етті. Зерттеуге алынған сорттардың ішінде Ларец сорты 
кадмийге  жоғары  сезімталдылық  танытты.  Ауыр  металдардың  улы  əсерінен  тамырдың  түзілмеуі 
өсімдіктің  жер  үсті  бөлігінің  жетілуіне    өз  əсерін  беретіндігі  байқалады.  Ал,  құрғақ  биомасса 
жинақтау  көрсеткіші  бойынша  (8  мг/л)  жоғары  концентрацияда  Ростовский  сорты  (44%)  ең  төмен 
көрсеткішке ие болды. Мыстың  5 мг/л жəне одан жоғары  концентрациясында барлық сорттардың 


172 
 
тамыр  жүйесі  түзілмегендігі  анықталды.  Басқа  сорттармен  салыстырғанда,  Оранжевое  160  жəне  
Ларец  сорттарының  жер  үсті  мүшелерінің  өсу  көрсеткіші  басқа  сортармен  салыстырғанда  біршама 
жақсы  көрсеткішке  ие  болды.  Алайда,  құрғақ  биомасса  жинақтау  параметрі  бойынша  Құлжа  (73%) 
жəне Ростовский (72%) сортарының көрсеткіші жоғары, ал жалпы көрсеткіштері бойынша Қазақстан 
20  сорты  мыстың  улы  əсеріне  ең  сезімтал  екендігі  анықталды.  Қорыта  келгенде,  құмай  дақылына 
ауыр металдар дəннің өнуінен бастап əсер етеді. 
Ғылыми жетекші - б.ғ.к., қауым. проф.м.а Кіршібаев Е.А.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет