"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАНТ ҚҰМАЙЫ ӨСІМДІГІНІҢ ӨСІП-ДАМУЫНА



Pdf көрінісі
бет253/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ҚАНТ ҚҰМАЙЫ ӨСІМДІГІНІҢ ӨСІП-ДАМУЫНА
 
NaCl
 
ТҰЗЫНЫҢ ӘСЕРІ 
 
Умарова А.А., Тілеу Ə.Ж. 
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті 
 
afuza.umarova@gmail.com
  
 
Топырақтың  тұздылық  деңгейі  жыл  бойы  белгілі  мөлшерде  өзгеріп  отырады  жəне  əртүрлі 
жағдайға байланысты қалыптасады. Тұзды топырақ негізінде қуаңшылық, шөлді дала аймақтарында 
кең  орын  алады.  Біздің  планетамыздың  топырағының  шамамен  25%  тұздыланған  болып  келеді. 
Топырақ ерітіндісінде болатын тұздылықтың артықшылығы өсімдіктерге улы əсер етеді. Тұзды əсер-
бұл өсімдіктер өсуінің тежелуі. Тұздың концетрациясы белгілі деңгейге дейін жоғарыласа, өсімдіктің 
өсу  тежеліп,  өсімдіктің  жекеленген  мүшелері  арасындағы  қатынастары  өзгеріп,  тұтас  олардың 
биомассасының біртіндеп төмендеуіне əкеледі.  


173 
 
Тұзды  топырақ  құрамындағы  хлорлы  натрийдің  жоғары  концентрациясы  басқа  да 
катиондардың,  əсіресе  өсімдіктің  тіршілігі  үшін  қажет  калий,  кальций    сияқты  элементтердің 
жинақталуына кедергі жасайды. 
Зерттеу  материалдары  ретінде  Құмай  өсімдігінің  Сажень,  Сахарное-32,  Север  сорттары 
алынып,  оларға  хлорлы  натрийдің  (NaCl)  əртүрлі  концентрациясының  əсері  зерттелді.  Зерттеу 
барысында  сорттардың  дəнінің  өнгіштігінен  бастап  хлорлы  натрийдің  кері  əсері  байқалды  жəне 
жекеленген  мүшелерінің  өсуі  де  баяулайтындығы  байқалды.  Мұндай  көрсеткіштер  сорт 
ерекшеліктеріне  байланысты  орын  алды.  Мысалы  Сахарное-32  сорты  тұздың  төменгі  мөлшерінде 
жақсы  өнгіштік  көрсетсе,  тұздың  жоғарылаған  орталарында  дəннің  өнгіштігі  бақылаумен 
салыстырғанда  4  пайызға  төмендеді.  Осындай  көрсеткіштер  Север  жəне  Сажень  сорттарыныңда 
өзіндік ерекшеліктер бар екендігін көрсетті.  
Тұздың  əртүрлі  концентрациясының  жер  үсті  мүшесінің  өсуіне  де  əсері  анық  байқалды  (10 
күн).  Мысалы,  Сажень  сортының  жер  үсті  ұзындығы  0,9  %  хлорлы  натрийдың    (NaCl) 
концентрациясының  əсерін  бақылау  вариантымен  салыстырғанда  66,3  %-ға  төмендеген.  Ал, 
Сахорное-32  сортында  59,2  %-ға,  Север  сортында  49,9  %-  ға  дейін  төмендеді.  Зерттеуге  алынған 
сорттардың  ішінде  тұзға  сезімталдылығымен  Сажень  сорты  ерекшеленді.  Сорттар  арасындағы 
сезімталдылықтың  мұндай  көрінісі  өсімдіктердің  тамыр  жүйесінің  өсу  көрсеткіштерінде  де 
сақталатындығы байқалды. Дегенмен, тұздың орташа жəне жоғары мөлшерінің сорт ерекшеліктеріне 
байланысты əсер ету ықпалы түрлі болатындығы анықталды. 
Ғылыми жетекші - б.ғ.к., қауым. проф.м.а. Кіршібаев Е.А. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет