190
МИКPOБAЛДЫPЛAPДЫҢ ҚАЛДЫҚ CУЛAPДЫ ТAЗAЛAУ МҮМКІНШІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Бауенова М.Ө., Айтуғанов С.Б., Аленова М.С.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
bauyen.meruyert@gmail.com
Coңғы жылдapы əpтүpлi экoжүйeлepгe aнтpoпoгeндiк əcepдiң жoғapлayынaн биoлoгиялық
cepпiмдiлiк пeн биoлoгиялық aлyaнтүpлiлiк мəceлeлepi көп қызығyшылық тyдыpып oтыp. Əлeмнiң
көп aймaқтapындa бoлып жaтқaн aca қиын экoлoгиялық жaғдaйлap, ayыp мeтaлдapдың биocфepaдaғы
биогeoхимиялық aйнaлымы тeк қaнa тaбиғи ғaнa eмec, coнымeн қaтap aнтpoпoгeндiк кызмeтпeн дe
бaйлaныcты. Тaбиғи opтaның түpлi экoтoкcиндepмeн лacтaнy мəceлeci eлдiң ypбaнизaцияcы мeн
өнepкəciбiн қиындaтaды. Қopшaғaн opтaның eң ықтимaл лacтaғыштapынa ayыp мeтaлдap, мұнaй
өнiмдepi, нитpaттap, нитpиттep жəнe əpтүpлi apoмaтты пoлициклды көмipcyтeктep жaтaды. Ocығaн
бaйлaныcты тoкcикaнттapмeн биoaймaқтapдың лacтaнyы қaзipгi кeздe экoлoгияның мaңызды
мəceлeлepінің бipi бoлып тaбылaды.
Зерттеудің мақсаты, өндірістік қалдық сулар жағдайында микробалдырлар көмегімен ағынды
суларды ауыр металдардан тазалау үрдісін зерттеу болып табылады.
Зерттеу объектілері ретінде фототрофты микроорганизмдердің коллекциялық штамдары:
Scеnеdеsmus quadricauda В-1,
Ankistrodesmus sp. пайдаланылды. Зерттеу үшін химиялық тазалаудан
кейінгі Алматы қаласының тазартқыш ғимараттарының ағынды сулары пайдаланылды. Кадмий -
0,00036 мг/л, қорғасын - 0,0088 мг/л, мырыш - 0,043 мг/л, мыс - 0,0015 мг/л көрсеткіштеріне ие
ағынды суларға бірінші нұсқада
Ankistrodesmus sp. микобалдырының саны 1,6
.
10
7
кл/мл (№1)
мөлшерінде енгізеді, екінші нұсқада
Scеnеdеsmus quadricauda В-1 микробалдыр штамының
биомассасын 1,6
.
10
7
санында (№2) алып, органикалық-минералды заттарды сіңіруге жəне ауыр
металдарды аккумуляциялау үшін ары қарай 15 тəулік бойы инкубирлейді. Кейін
микробалдырлардың биомассасын зерттелінетін ортадан фильтрация əдісі арқылы бөліп алады.
Микробалдырлардың сорбциялық мүмкіндігін зерттеу кезінде
Ankistrodesmus sp. ВI-1
тəжірибелік нұсқасында ауыр метал иондарының концентрациясы 6 тəулікте бастапқы
концентрациямен салыстырғанда 90%-ға төмендеді.
Scеnеdеsmus quadricauda В-1 нұсқасында ауыр
металдардың концентрациясы бастапқы концентрациямен салыстырғанда 75 %-ға төмендеді.
Ауыр металдардың иондарына қатысты
Ankistrodesmus sp. ВI-1 микробалдырлардың сіңіргіштік
қасиеті
Scеnеdеsmus quadricauda В-1 микробалдырына қарағанда жоғары болды, яғни оларды қалдық
сулардың биоремедиациясы үшін ұсынуға болады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Заядан Б.К.
Достарыңызбен бөлісу: