"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІЛЕТІН СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет286/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   372
ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІЛЕТІН СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Есембек А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
adil.yerezhepov@mail.ru
 
 
Қазіргі  уақытта  сауда  орындарында,  мемлекеттік  сүт  өндіруші  кəсіпорындарында,  сонымен 
қатар  сауда  жүйелері  мен  жеке  меншік  фирмаларда  қолдың  сүті  жəне  тағы  басқа  сүт  өнімдері  көп 
кездесіп  жатады.  Осы  өнімдердің  ішінен  сапалы  жəне  адам  денсаулығына  пайдалы  сүт  пен  оның 
өнімдерін  таңдау  тұтынушылардың  негізгі  мақсаттарының  бірі  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан 
Қазақстанның  бірнеше  өнеркəсіп  орындарында  өндірілетін  сүт  пен  оның  өңделген  өнімдеріне 
биохимиялық зерттеулер жүргізілді.  
Зерттеу  объектілері  ретінде  «Amiran»,  «Food  master»,  «Мумуня»,  «Домик  в  деревне», 
«Айналайын»,  «Адал»,  «Казмилк»,  «Одари»,  «President»  жəне  т.б.  сияқты  фирмалардың  сиыр  сүті 
жəне осы фирмаларда өндірілетін қаймақ алынды. Майлылығы 2,5% құрайтын сүттің құрамы былай 
болды:  белок  мөлшері  бойынша  ең  жоғары  көрсеткішімен,  сəйкесінше,  Фудмастер  (3,0%)  жəне 
Амиран  (2,8%)  сүттері,  ал  ең  төменгі  көрсеткішімен  Айналайын  жəне  Домик  в  Деревне  (2,5%) 
фирмаларының сүттері ерекшеленді. Көмірсулардың жоғары мөлшері Амиран (4,7%),  ал ең төменгі 
мөлшері Домик в деревне сүтінде табылды. Құндылығы бойынша (мл/ккал) Амиран (100/56,8), Адал 
(100/53), Фудмастер (100/53), Одари (100/53) фирмаларының өнімдері ерекшеленді, ал Шадринский 
фирмасында өндірілетін сүттің құндылығы төменірек болды (100/3). 
Осы  фирмаларда  өндірілетін  қаймақтың  құрамы  да,  салыстырмалы  түрде  зерттелді.  Бұл 
тағамның азық-түліктік құндылығы қаймақтың барлық түрлерінде бірдей етіп алынып, биохимиялық 
басқа  көрсеткіштері  анықталды.  «Адал»,  «Амиран»,  «Фудмастер»  қаймақтарында  белок  мөлшері, 
сəйкесінше, 3,0%, 2,8%, 2,8%; көмірсулардың мөлшері «Фудмастер», «Амиран», «Домик в деревне» 
түрлерінде, сəйкесінше, 4,0%, 3,2%, 3,2% болса; майлылығы бойынша «Домик в деревне», «Амиран» 
«сəйкесінше,  25,0%  жəне  20%  түрлері  ерекшеленді.  Қуаты  бойынша  бұл  өнімдердің  бір-бірінен 
айырмашылықтары  айтарлықтай  болды:  «Домик  в  деревне  –  247  ккал,  «Амиран»  -  205  ккалд, 
«Фудмастер» - 162, «Адал» - 114 ккал құрады. 
Бұлардан басқа сүт пен қаймақтың макро-микроэлементтік жəне витаминдік құрамы зерттелді. 
Зерттеу  нəтижелері  бойынша  Қазақстанда  өндірілетін  сүт  пен  қаймақ  мемлекеттік  стандарт 
талаптарына  сай  өңделетіндіг  анықталды.  Сүттің  бактериалық  ластануын  анықтау  нəтижесінде 
тəжірибелерімізде зерттеуге алынған шикі сүт 3 сағатта, піскен сүт 5 сағаттан астам уақытта ағарды. 
Сонымен, шикі жəне піскен  сүттің сапасы қанағаттанарлық нəтиже көрсетті.   
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Ережепов Ә.Е. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет