"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МҰНАЙДЫҢ ДЕСТРУКТОР-БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ МҰНАЙДЫ ЫДЫРАТУ



Pdf көрінісі
бет289/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
МҰНАЙДЫҢ ДЕСТРУКТОР-БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ МҰНАЙДЫ ЫДЫРАТУ 
ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Жүнүсова М., Арчин А., Атамкулов Р., Медеубекова Б., Өтен М.С., Кушекбаева А.Б., Маратова 
А. М., Қоныратбай Б., Жүсіп Н.Р., Ажибаева М.Н. 
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
raihan.konaevna@gmail.com
  
 
Мұнай жəне мұнай өнімдері өндіріс орындарында жəне күнделікті өмірде негізгі энергия көзі 
болып  табылады.  Оларды  алу,  өңдеу,  сақтау  жəне  транспорттау  кезінде  қоршаған  ортаға  төгілуі 
жүзеге асады. Мұнай көмірсутектерінің қоршаған ортаға түсуі апаттық жағдайларды туғызады жəне 
ол  адам  іс-əрекеті  нəтижесінен  болады.  Топырақтың  мұнай  көмірсутектерімен  ластануы  жергілікті 
экожүйеге  зор  қауіп  келтіреді,  себебі  олар  өсімдіктер  мен  жануарлар  организмінде  жинақтала 
отырып,  олардың  мутациясына,  тіпті  өлуіне  себеп  болады.  Мұнаймен  ластанған  топырақты 
тазартудағы  кең  таралған  ремедиациялық  əдістер  механикалық,  булану,  дисперстеу  жəне  шаю 
əдістері  жатады.  Алайда,  бұл  əдістер  қымбат  болып  келеді  жəне  ластағыштардың  мөлшері  толық 
ыдырамайды.  
 Зерттеу  жұмысының  мақсаты  мұнайдың  деструктор-бактерияларының  мұнайды  ыдырату 
қабілеттіліктеріне  бағалау  жүргізу.  Жұмысты  орындау  барысында  алдымызға  келесі  міндеттер 
қойылды:  топырақ  үлгілерінен  мұнай көмірсутектерін  тотықтырушы  микроорганизмдерді  бөліп  алу 
жəне  санын  анықтау;  бөлініп  алынған  микроорганимздердің  морфологиялық  жəне  культуралдық 
белгілерін  анықтау;  бактериялардың  мұнайды  ыдырату  белсенділіктерін  анықтау  морфологиялық 
жəне культуралды белгілеріне байланысты систематикалық жағдайын анықтау. 
Сонымен  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нəтижесінде  мұнаймен  ластанған  топырақ 
үлгілерінен 188 микроорганизм изоляттары бөлініп алып, олардың арасынан 27 изолят 1 мл/л мұнай 
бар қоректік ортада өсу қабілеттіліктері көрсетті. Олардың жоғары мөлшердегі мұнаймен ластанған 
топырақтағы  (100,21±1,2  мг/кг)  мұнайды  ыдырату  белсенділіктері  зерттеу  барысында  5  мұнай 
тотықтырушы бактерияның 30 тəулікте мұнайды 54,2±3,2 жəне 56,3±3,6 мг/кг дейін төмендететіндігі 
анықталды.  Ары  қарай  іріктеп  жоғары  мөлшердегі  мұнайды  ыдырату  қабілеті  едəуір  жоғары  5 
штамның  морфологиялық,  физиологиялық,  биохимиялық  қасиеттері  зерттелінді.  Сонымен  Берджи 
анықтағышы  бойынша  M19  жəне  M12  штамдары  Rhodococcus  туысына,  ал  E5,  Е24  жəне  М25 
штамдары Mycobacterium туыстарына жататын бактериялар ұқсас болды. 
Іріктеп алған мұнайдың деструктор-бактерияларының 5 штамдарын (М19, М12, Е5, Е24 жəне 
М25)  ары  қарай  мұнаймен  жоғары  мөлшерде  ластанған  нысандарды  тазартуға  арналған 
биопрепараттар жасауда қолдануға болады.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Сыдыкбекова Р.К. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет