КАДМИЙ ИОНДАРЫНА СЕЗІМТАЛ CHLAMYDOMONAS REINHARDTII-ДІҢ МУТАНТТЫ ШТАМДАРЫМЕН ЛАСТАНҒАН СУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН БАҒАЛАУ Жүнісова А.Б., Тұрта А.Е.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
aidoka_mb@mail.ru
Қазіргі таңда елімізде қоршаған ортаның ластануы өзекті мəселеге айналып отыр. Су
экожүйелерінің ластануын зерттеуде, соның ішінде ауыр металдармен жəне радиоактивті заттармен,
судың пестицидтермен, басқа токсикалық заттармен ластану деңгейін, судың антропогендік
өзгеруінің бағытын анықтауда ыңғайлы тест-объектілердің бірі біржасушалы микробалдырлар болып
табылады. Олардың ішінде ерекше орынды Chlamydomonas reinhardtii алады. Chlamydomonas reinhardtii генетикалық зерттеулер мен бағытталған селекция мен мутагенез əдістері көмегімен
берілген қасиеттерге ие жаңа формаларды жасау үшін ыңғайлы объект болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде əл-Фараби атындағы ҚазҰУ фотобиотехнология зертханасының
кадмий иондарына сезімтал Chlamydomonas reinhardtii-СС-124у-1, CC-124р-1, СС-124у-2, CC-124р-2
коллекциялық мутантты штамдары алынды. Кадмийге сезімтал хломидомонада коллекциялық
штамдарының мутантты клеткаларының тіршілік сақтауына кадмий иондарының түрлі
концентрацияларының əсері зерттеледі. Эксперименттерде кадмий иондарының əр түрлі
концентрациялары: 0,005 мг/л; 0,01 мг/л жəне 0,02 мг/л пайдаланылады.
Кадмий иондары дақылдағы клеткалар санына айқын көрінетін əсер етеді: кадмий иондарының
концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның микробалдырлар клеткаларына теріс əсері
айқынырақ көрінеді. Кадмий иондарына ең жоғары сезімталдылықпен СС-124р-2 мутантты
штамының клеткалары ерекшеленді.
Кадмийге жоғары сезімтал Chlamydomonas reinhardtii CC-124р-2 мутантты штамын қолданып
Текелі қалашығы өзенінің суына биотестілеу жүргізілді.
Биотестілеу келесі операциялардан құралды: бақылау жəне тəжірибелік орталарды дайындау,
оларға тест-ағзаның клеткаларын енгізу, клеткалардың өсу динамикасын 8 күн бойы зерттеу, алынған
мəліметтердің салыстырмалы анализі. Зерттеу жұмысы үшін ластанған судың 2 нұсқасы алынды. 1-
ші нұсқада су 1:2 сұйылтуында, ал 2-ші нұсқада бастапқы күйінде алынды. Chlamydomonas reinhardtii CC-124р-2 мутантты штамы клеткаларының саны барлық нұсқаларда бірдей болды жəне 1 мл-де (5-7)
х 10
6
құрады. Бақылау ретінде алынған үлгілердің суы қосылмаған стандартты қоректік орта
қолданылды.
Алынған мəліметтерге сəйкес, Chlamydomonas reinhardtii CC-124р-2 штамм клеткаларының
өсуі бақылауда жəне 1-ші тəжірибелік нұсқада көрінді, ал 2-ші тəжірибелік нұсқада байқалмады.
Алынған нəтижелер токсиканттардың Chlamydomonas reinhardtii CC-124р-2 штамм клеткаларының
өсуіне токсикалық əсер көрсететін концентрацияларда бар екендігін дəлелдейді. Сонымен,
Chlamydomonas reinhardtii CC-124р-2 мутантты штамм клеткалары көмегімен Текелі өзенінен
197
алынған суды биотестілеу нəтижелері бұл судың ластанғанын көрсетеді. Текелі өзеніндегі судың
сапасы ластанған суға жатқызылды.
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., доцент Садвакасова А.К.; б.ғ.к., доцент Акмуханова Н.Р.