"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЕСІК КӨЛІНДЕГІ МИКРОБАЛДЫРЛАРДЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет291/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   372
ЕСІК КӨЛІНДЕГІ МИКРОБАЛДЫРЛАРДЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ 
АЛЬГОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ДАҚЫЛДАР БӨЛІП АЛУ 
 
Иманғали Г.Б., Карнеева Ж.А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
imangalieva.g96@mail.ru
 
 
Көптеген ауыз суларының сапасының өзгеруі су алынатын аймақтың қорғалмауынан, сонымен 
қатар  су  көзі  зоналарының  мүлдем  қараусыз  қалуынан  болады.  Өндірістің  интенсивті  өсуі  табиғи 
ортаның химиялық ластануына алып келіп соғады, соған байланысты судың қасиеті үлкен өзгеріске 
ұшырайды. Мұндай жағдайда, өзін-өзі тазалайтын су көздері зардап шегеді. 
Кішігірім  өзендердің  ластануы,  қоршаған  ортаның  санитарлы-эпидемеологиялық  жағдайына 
əсер  етеді.  Антропогендік  əсердің  күшеюінен,су  экожүйелерінде  ішек  инфекциясын  қоздырушы 
микроорганизм топтарының көбеюі бақыланады. Кейбір жағдайда су құбырларын эксплуатациялау, 
суды  дұрыс  залалсыздандырмау  жəне  тазалау  əдістерінсіз  жүзеге  асырылады.  Ауыл-шаруашылық 
суларының  көзі  болып  табылатын  беткі  сулардың  сапасын  бақылау  қажет.  Осыған  байланысты 
халықтың  денсаулығын  сақтаудың  маңызды  шарты  –  халықты  жоғары  сапалы  ауыз  суымен 
қамтамасыз ету. 
Есік көліндегі микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау жəне альгологиялық таза дақылдар 
бөліп  алу.  Алматы  қаласына  жақын  Іле  Алатауының  Есік шатқалында  орналасқан  Есік  көлі  тандап 
алынды. Есік көлінен су сынамалары жаз мезгілінде алынды (маусым 2017). Сынама алынған кезде 
температурасы  +8-+10
о
С,  рН  6,8-7,3.  Микробалдырлардың  түрлік  құрамын  анықтау  түрлі  су 
экожүйелерінің үлгілеріне Сиренко əдісі бойынша келесі анықтамаларды қолдану арқылы жүргізілді. 
Ал, альгологиялық таза дақылдар микробиологиялық əдістердің көмегімен жүргізілді. 
Есік  көлінде  анықталған  барлық  түрлер  48  түр  мен  түр  тармағына  жатады.  Біздің 
анықтағанымыз  4  бөлім,  7  класс,  8  қатар,  14  тұқымдас,  19  туыс,  48  түр.  Жасыл  балдырлардан 
Scenedesmus  туысына  жататын  протоккокты  балдыр  басым  болды.  Эвгленалардан  Euglena  viridis 
деген  1  ғана  өкілі  анықталды,  ал  көкжасыл  балдырлардан  Merismopedia  жəне  Anabaena  туыстары 
кездесті.  Диатомды  балдырлардан  Navicula,  Fragilaria  жəне  Synedra  туыстары  басым  болды
Spirogyra, Ulothrix туыстарының өкілдері жердеде, су өсімдіктерінде де қаулап өскендігі байқалды. 
Есік  көлінен  алынған  су  сынамаларынан  микробалдырлардың  6  альгологиялық  таза  дақылы 
бөліп  алынды.  Бөліп  алынған  дақылдар  морфологиялық  белгілер  бойынша  Chlorophyceae    класына 


199 
 
жатады,  оның  ішінде  IS-7,  IS-8  Sphaeropleales  қатарына,  ал  IS-1  жəне  IS-11  дақылдары  Volvocale 
қатарына,  IS-3  дақылы  Chlorococcales  қатарына  IS-  6  Sphaeropleales  қатарына  жатады.  Барлық 
зерттелген изоляттар лаборатория топтамасының құрамына енгізілді. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Садвакасова А.К. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет