"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АЛТАЙ ҮШҚАТЫ  (БЕРЕЛЬ, ЗОЛОТОЕ ВЕРЕТЕНО)  СОРТТАРЫН ЖЕРСІНДІРУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет320/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   372
Байланысты:
thesis114326

АЛТАЙ ҮШҚАТЫ  (БЕРЕЛЬ, ЗОЛОТОЕ ВЕРЕТЕНО)  СОРТТАРЫН ЖЕРСІНДІРУ ЖӘНЕ  
КӨБЕЙТУ 
 
Смағұлова А.Е. 
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті 
maral050@mail.ru
  
 
Біздің  еліміздің  орман  алқаптарында  үшқаттың  21  түрі  кездеседі.  Оның  көбісі  қолданысқа 
жарамсыз.  Қазақстанда    2  түрі  (Алтайлық  жəне  Паллас)    үшқаты  пайдалануға  жарамды.  Алтай 
үшқаты  өсімдігі Қазақстанның барлық аймағында таралмаған, Алтай тауында, Орталық Қазақстанда 
кездеседі.  Алтай  үшқаты  жидегінің  витаминдер  мен  минералдарға  мол  болуына  байланысты  дəрі-
дəрмек  жасауға  жəне  азық-түлік  өнеркəсібінде  де,  саябақтарда  сəндік  ретінде  де  кеңінен 
қолданылады.  Алтай    үшқаты  өсімдігінің  гипертонияға,  қан  аздыққа,  атеросклерозға,  буын 
ауруларына  жақсы  əсері  бар.  Алтай  үшқаты  жидегінің  шырынын  жара,  герпес  жəне  ауыз  қуысын 
шайқау үшін қолданылады.       
Алтай  үшқаты  сорттарын  республиканың  Оңтүстік  жəне  Оңтүстік  Шығыс  аймақтарында 
жерсіндіру,  биотехнология  əдістерін  қолданып  қысқа  уақыт  аралығында  көп  мөлшерде  көбейтіп, 
жүрек,  қан  қысымы  ауруларына  қарсы  табиғи  өнім  ретінде  халық  арасында  насихаттау.  Сонымен 
бірге,  пайдалы  қасиеттері  мол  өсімдікті  дəстүрлі  вегетативті  жолдармен  көбейту  өте  баяу 
болғандықтан,  жаңартылған    биотехнологиялық  көбейту  əдістерін  пайдалану  заман  талабына  сай 
келеді.                                        
Зерттеу  объектісі  ретінде  Алтай  үшқатының  Берель,  Золотое  веретено  сорттарының  ақ 
тамырлары  мен  бүршіктері  алынды.  Зерттеу  материалдарын  залалсыздандыру  тəртібі:    алынған 
тамырлар  мен  бүршікті  сабынды  сумен  15-20  минут    жуылды;  ағынды  сумен  сабыны  кеткенше 
шаяды; дистильденген сумен шаю; сулемада 1 минут, одан кейін дистильденген суда; 70% спиртте 1 
минут  ұстау;  қайтадан  дистильденген  суға  салып  шаю    қажет.  Бұл  жұмыстың  барлығы  ламинар 
бокстың ішінде, стерилденген жағдайда жүргізілді.                                                                   
Жұмыстың нəтижелері: Алтай үшқатының сорттарынан алынған ақ тамырлары мен бүршіктері 
жартылай  МС  қоректік  ортасына  отырғызылды.  МС  ортасына  əртүрлі  витаминдер  мен 
фитогармондар,  макро-  микроэлементтер,  көмірсулар,  аминқышқылдары  мен  əртүрлі  реттегіштері 
алынды. Макроэлементтерден N, P, K, Ca, Mg элементтерінің тұздары қолданылды (NH
4
NO
3
, KNO
3

CaCl
2
,  MgMO
4
,  KH
2
PO
4
).  Өсу  реттегіштерінен  гиббериллин  қышқылы  қолданылды.  Нəтижесінде 


218 
 
өсімдік  бастапқы  кезеңінде  өсіп,  кейіннен  өсуін  тоқтатты.  Ендігі  мəселе,  қоректік  орта  құрамын 
өзгертіп көру жəне де басқа қоректік ортада өсіру болып табылады. Барлық өсімдіктер +25°С  жəне 
2000 лк жарықтың астында өсірілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет