"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ CHENOPODIACEAE LESS



Pdf көрінісі
бет45/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ CHENOPODIACEAE LESS. 
ТҰҚЫМДАСЫНА СИПАТТАМА 
 
Жанаш А.Қ. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
akonya_95_22@mail.ru 
 
Іле  өзенінің  ендік  алабына  су  жайылмасының  шалғындық  топырағы  тəн.  Өзеннің  жабыңқы 
сағасында  қоға  қопасы,  қамыс  жəне  тоғайлы  өсімдіктер  жамылғысы  өседі.  Іле  өзені  бассейнінің 
жоғарғы  бөлігінің  сол жақ жағалауы,  Күнгей  Алатауының  солтүстік  –  шығыс бөктері  мен Теріскей 
Алатауы,  топырақты  –  өсімдіктер  шоғырының  төменгі  шегі  Жоңғар  жəне  Іле  Алатауымен 
салыстырғанда, 200-250 м жоғарыда орналасқан. 
Өсімдік  жамылғысының  негізгі  бөлігін  жусан  мен  сораңдар  құрайды.  Бұта  мен  жартылай 
бұталардан  жыңғыл  мен  бұйырғын,  ағашты  өсімдіктерден  ақ  жəне  қара  сексеуіл  бұталары 
басымдырақ  болып  келеді.  Іле,  Қаратал,  Лепсі  өзендері  мен  Балқаш  жағалауларының  аллювиалді–
шалғындықты топырақтарында бұталық, жыңғыл, жиде, тораңғы, тал, терек кезектесетін бидайықты–
қамысты шалғындықтар тəн. Солардың ішінде перспективті жəне зерттеуді қажет ететін, Қазақстанда 
жəне  көршілес  мемлекеттердің  аридті  аймақтарында  өсетін  өсімдіктердің  бірі  алабұталар  - 
Chenopodiaceae    Less.  тұқымдасы  шөлді,  шөлейтті  жəне  тұздылығы  жоғары  топырақта  өсуге  жақсы 
бейімделген  табиғат  туындысы.  Chenopodiaceae  Less.  өте  маңызды  тұқымдас.  Тіршілік  формалары 
тұзды  жeрлерге    төзімдi  бoлып  келетін  бұтa  немесе  ағаш  тəрiзді  өсімдіктер.  Бұл  тұқымдастың 
құрамында  шамамен  100  туыс,  1600-ден  aстам  түрі  бар.  Антарктидадан  басқа  барлық  континентте 
кездеседі.  Біздің  елімізде  218  түрi,  47  туыcы  кездeседі.  Тұқымдастың  доминантты  туыстарына: 
Salsola,  Climacoptera,    Atriplex,  Suaeda,  Haloxylon,  Halostaschys  жəне  тағы  басқалар  жатады.  Ал 
зерттеу жұмысының нəтижесінде Іле өзенінің төменгі сағасынан жиналған алабұталар тұқымдасының 
жетекші  түрлері  мыналар:  Agriophyllum  lateriflorus,  Camphorosma  lessingii  Litv.,  Ceratocarpus 
arenarius  L.,  Chenopodium  album  L.,  Chenopodium  glaucum  L.,  Climacoptera  lanata  (Pall.)  Botsch., 
Girgensohnia oppositiflora (Pall.) Fenzl., Kochia prostrata (L.) Schrad.,   Krascheninnikovia ceratoides (L.) 
Gueldenst.,  Nanophyton  erinaceum  (Pall.)  Bunge.,  Petrosimonia  sibirica  (Pall.)  Bunge.,  Salsola  arbuscula 
Pall., Salsola orientalis S. G. Gmel. 
Қазaқстанның Қызыл Кiтабында алабұта тұқымдaсының  6 түрі тiркелген: Salsola chiwensis M. 
Pop.  -  Хиуа  сораңы,      Salsоla  euryphylla  Botsch.  -  Жaлпақ  жапырaқты  сораң,  Rhaphidоphyton  regelii 
(Bunge) Iljin. - Рeгель  рафидофитон, Atrophytum іliense Iljin. - Ілe сексеуілше, Atrophytum іliense Iljin. – 
Іле  сексеуілше,  Anabasis  turgaіca  Iljin  et.  Krasch.  -  Торғай  бұйырғыны,  Atrіplex  pratоvii  Suchor.  - 
Прaтов көкпегі. 
Ғылыми жетекшісі:аға оқытушы Чилдибаева А.Ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет