"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет48/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   372
Байланысты:
thesis114326

КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН 
КЕМШІЛІКТЕРІ 
 
Жасузаков И.А. 
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті 
izet.24@mail.ru
  
 
Бүкіл  əлемдік  дəнді  дақылдар  өндірісі  ішінде  бидай  егісі  əрдайым  бірінші  орында  тұратыны 
бəрімізге мəлім. Біздің республикамыз аграрлы индустриялы, Орталық Азиядағы бидайды көп егетін 
аймақ болып есептеледі. Астық дақылдарын өсіру Қазақстанның ауылшаруашылығының дамуының 
əлеуетті бағыты болып табылады. Ал бидай тек стратегиялық дақыл болып қана қоймай, сондай ақ, 
халық  шаруашылығында  маңызы  бар,  ұлттық  байлық  болып  саналады.  Қазақстан  дүние  жүзі 
бойынша  жоғары  сапалы  бидай  (жыл  сайын  10  млн.  тоннаға  дейін)  өндіруші  мемлекет.  Дəнді 
дақылдар  Қазақстан  үшін  əлеуметті,  экономикалық  жəне  стратегиялық  маңызды  нысандар  болып 
табылады. Республика бойынша бидай өсірілетін алқап 12 млн.га құрайды. 
Егер  бидай  өнеркəсібінің  40%-ын  ішкі  нарыққа  жіберіп,  сол  арқылы  нанның  жəне  нанды 
дақылдардың бағасын азайтса, 60% жетілдіріп, өз бағаларынан жоғарлатып басқа елдерге сатса, елдің 
экономикасы  жақсы  көтерілер  еді;    мемлекет  тарапынан  бидайға  қосымша  қоймалар  берілсе,  оның 
шіруі мен зақымдануы жойылар еді; əртүрлі санаттағы шаруашылықтардың материалды-техникалық 
базасы  да  бір  деңгейде  болуы  керек;ылғал-ресурс  үнемдегіш  технология  негізгі  бағыт  болуы 
тиіс.Ұзақ уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облыстарында күздік бидай өсіруге мəн берілмей келеді. 
Себебі,  бұл  аймақтың  климат  жағдайлары  оны  өсіруге  мүмкіндік  бермейді,  өсімдіктері  нашар 
қыстайды,  маусым  айының  қуаңшылығына  төтеп  бере  алмайды  жəне  төмен  өнім  береді  деп 
түсіндірілді. Алайда, Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы тəжірибе станциясының көп жылдарғы 
зерттеулері оны аталған аймақта өсірудің мүмкін екендігін, өнімі жаздың бидайдан жоғары екендігін 
дəлелдеді. Қыстан шығуға қолайлы жылдары күздік бидай 15-20 ц/га өнім бере алады. Күздік бидай 
Солтүстік Қазақстанда жұмсақ бидай түрінде өсіріледі. 
Соңғы  жылдары  Қазақстан  бидайының  экспорттық  жағдайы  айтарлықтай  өзгеруде,  шығыс 
Европа елдері сатып алуда, Иран, Əзірбайжан, Тəжікстан, Түркия елдеріне экспорт ұлғаюда, қуатты 
бидайды  сатып  алуда  Ресей,  Өзбекстан,  Қырғызстан  елдері  де  теріс  көрмейді,  Италия  мен 
Жапонияны да Қазақстан бидайы қызықтырады, Қытай да көптеп сатып алуға құлшыныс білдіруде. 
Сондықтан егіншілік мəдениетін жетілдіре отырып, əсіресе ылғал-ресурсүнемдегіш технологияларды 
кеңінен қолдана отырып, жоғары сапалы бидай өсірудің келешегі зор.  
Ғылыми жетекші:   а.ш.ғ.к., доцент  Мырзабаева Г.А. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет