"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МАҢЫНЫҢ ОРМАН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет67/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   372
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МАҢЫНЫҢ ОРМАН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНДАҒЫ 
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 
 
Маймакова А.Е. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
Assylаi_95@mail.ru 
 
 Өзен жайылмаларының құнарлы болып келуі жəне қолайлығы дүние жүзінің барлық елдерінде 
де ірі қалалардың өзен жағалауына орналасуына ықпал еткен. 
  Жайылма  топырақтардың  қоршаған  ортаға  əсерін  зерттеудің  өзектілігі  төмендегідей 
жағдайларға байланысты: 
  -біріншіден,  өзен  жайылмасы  мен  аңғарлары  табиғатты  ерекше  биогеоценоз  болғандықтан, 
биологиялық алуан түрліліктің интрааймақтық орталығы болып табылады; 
  -жайылма  топырақтардың  қалыпты  экологиялық  жағдайда  болуы  өзен  экожүйесіне  елеулі 
əсер етеді; 
  Жайылмада  топырақ  түзілу  жағдайларының  жиі  кезектесіп  отыруына  байланысты  жайылма 
топырақтары үлкен кешенді көрініске ие болады. 
  Жайық  өзенінің  төменгі  ағысында  жайылманың  шалғынды  топырақтары  түрлі  үйлесімде  
кездеседі:  нашар  жетілген  құмдақты,  аллювийлі-шалғынды  карбонатты  ауыр  саздақты,  аллювийлі-
шалғынды  сортаңданған  саздақты,  аллювийлі-шалғын  топырақтар,  аллювийлі-шалғынды  көмілген 
қабаты  бар  сортаңды  орташа  саздақты,  аллювийлі-шалғынды  қоңыр  түсті  ауыр  немесе  орташа 
саздақты,  шалғанды  ақшыл  сортаңданған  ауыр  саздақты,  шалғынды  сортаңдар  ауыр  саздақты, 
шалғынды сорлар, шалғынды батпақтанған т.б. 
   Жайылма ормандары қара терек (Populus nigra L.),ақ терек (P.alba L.), жəне ақ (Salix alba L.)  
жəне  үш  аталықты  талдар  (S.  triandra  L.)  өскен.  Бұталы  ярус  нашар  жетілген.  Ормансыз  ашық 


47 
 
жерлерде қияқөлеңді-жатаған бидайықты жəне əртүрлі шөпті-астықты шалғындар таралған. Бірнеше 
қара  сулар  кездеседі.  Өзеннің  асимметриялық  жайылмасынан  профиль  жасалып,  негізгі  топырақ 
типтеріне сипаттама берілді: 
1)Арна маңы жайылманың нашар жетілген құмдақты топырағы; 
2)Ортаңғы жайылманың ауыр саздақты шалғын топырақтары; 
3)Терраса маңы жайылманың ауыр саздақты карбонатты шалғын топырақтары. 
№1Tопырақ шұңқыры 11.10.2017 ж. өзеннің төменгі ағысының сол жақ жағалауынан (Степной 
ауылының  маңы)  өзен  арнасынан  3  м  қазылды.  Сирек  өскен  қара  теректі-талды  жəне  əртүрлі 
шөптесін  өсімдіктер  қауымдастығынан  тұрады.  Бір  жылдық  өсімдіктер  өскен,  проективті  жабын  5- 
40%  аралығында ауытқиды. Қарашірінді қабаты өте аз. Аллювиальды қабаттереңдігі - 11см; Топырақ 
беті елді мекендерге жақын жерлерде антропогенді қалдықтармен ластанған. 
А
0
-  0-1  см.  Шала  ыдыраған  өсімдік  қалдықтары,  негізінен  ақ  теректінің  жəне  шөптесін 
өсімдіктің  кураған  жапырағы  мен  сабақтарынан  тұрады.  Топырақтың  құрамындағы  түзілімдер:  ірі 
тасты, ұсақ-малта тастар бар. 
Топырақ түрі: Арна маңы жайылманың нашар жетілген құмдақты топырағы. 
 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., Атаева Г.М. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет