"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚЫЗЫЛАҒАШ ӨЗЕНІНДЕГІ (БАЛҚАШ БАССЕЙНІ) ТОРТА RUTILUS RUTILUS



Pdf көрінісі
бет63/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ҚЫЗЫЛАҒАШ ӨЗЕНІНДЕГІ (БАЛҚАШ БАССЕЙНІ) ТОРТА RUTILUS RUTILUS 
(CYPRINIFORMES; CYPRINIDAE) БАЛЫҒЫНЫҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ 
ӨЗГЕРГІШТІГІ   
 
Кумисбекова Д.О. 
Казахский  Национальный Университет им. аль-Фараби                                                   
kumisbekova97@mail.ru
 
 
Тұқылар тұқымдасы  Балқаш бассейнінде абориген жəне бөгде түрлі балықтармен сипатталады. 
Қазақстан  су  қоймаларында  негізінен  торта  туысының  бір  түрі  мекен  етеді:  Торта  –Rutilus  rutilus. 
Каспий қаракөзі түршесі алдымен Талас бассейніне сосын Балқаш бассейніне акклимтизацияланған 
соң  айтарлықтай морфолгиялық өзгеріске ұшырап, белгілері ауытқып,  арал тортасының белгілерін 
жақын  болған.  Биологиялық  жəне  морфологиялық  өзгергіштігі  туралы  1987  жылғы 
В.П.Митрофановпен  келтірілген    «Рыбы  Казахстана»  мəліметте  толығырақ  көрсетілген.  Қазіргі 
уақытта  торта  балығының  таралуы  мен  олардың  саны  өсіп,  кең  таралып,  кəсіптік  ауланымы  арта 
түсті.  2017  жылы  Қызылағаш  өзенінен  іріктеу  алынды.    Жүргізілген  зерттеу  жұмысының  мақсаты 
берілген  түрдің    биологиялық  жəне  морфологиялық  белгілерінің  мекен  ету  ортасына  бейімделуіне  
байланысты өзгергіштігін анықтау болып табылады.  
Балықтарды аулау кезінде ұяшығы 3 мм мөлшердегі балық аулағыш сүзгіш құрал қолданылды. 
Ауланған  балықтар сол мезетте  4  %-дық формалин  ерітіндісіне салынды.  Морфологиялық анализді 
И.Ф.Правдин  əдістемесі  бойынша  жүргіздік.  Ауланған  балықтар  бойынша  29  экземпляр  зерттелді. 
Статистикалық өңдеу «Excel» программасын қолдана отырып жүргізілді.   
Іріктеуде  зерттелген  Қызылағаш  өзеніндегі  торта  балығының  ұзындықтары  (lst)    86.7  мм-ден 
150 мм-ге дейінгі аралықта ауытқыды. Жеке особьтардың қоңдылығы – Фультон бойынша 0.001-ден 
2.30-  ға    дейін    Кларк  бойынша1.09-дан  2.02-ге  дейін  аралықта  ерекшеленеді.    Қоңдылықта  үлкен 
айырмашылықтың болуы түр ішіндегі бəсекелестіктің болуынан, нəтижесінде қоректік организмдерді 
азаюымен түсіндіріледі.  
Арқа  жəне  аналь    қанаттарындағы  сəулелерінің  саны  бойынша  табиғи  ареалдағы  белгілі 
өлшемдерден  қатты  айырмашылығы  болмады.  Омыртқаларының  санында–  38-ден  42-ке,  дейінгі 
аралықта  ауытқу  байқалған.    Мекен  ету  ортасының  қатты  ағынға  бейімделуімен  омыртқаларының 
санының өсуі мүмкін.  
Жүзбе  қанаттарының  ұзындықтары  мен  құйрық  сабақшасының  ұзындығында  айтарлықтай 
өзгерістер  байқалды.  Олар  қимыл-қозғалысымен  байланысты.  Яғни,  алынған  іріктеу  ағысты  жерде 
мекен етуге бейімделгендігін көрсетеді. Сонымен қатар қоректенуіне байланысты өзгерістер басының 
өлшемдері  бойынша  байқалады.  Мəліметтер  бойынша  торта  балығы  қоректік  объектілері  мен  ағыс 
жылдамдығына орай мекен ету ортасына бейімделетіндігін байқаймыз. Қызылағаш өзенінің жағдайы 
торта балықтарына көбеюге, өсуге мүмкіндік береді.  
Ғылыми жетекші б.ғ.д. доцент Мамилов Н.Ш. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет