"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚҰС (ТАУЫҚ) ЕТІН ӨНДІРУДЕГІ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет64/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ҚҰС (ТАУЫҚ) ЕТІН ӨНДІРУДЕГІ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 
ЖҰМЫСТАР 
 
Қайратқызы Д. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Унивеситеті  
mikanagieva@mail.ru 
 
 Өндірістік  құс  шаруашылығы  нарық  нарық  сұраныстарын  жеңіл  диетикалық  тағамдармен 
қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің əрі үдемелі, əрі жедел өзгеріп, тез 
дамитын  саласы  болып  табылады.  Келешекте  жұыртка  жəне  құс  етін  өндіру  технологияларын 
жетілдіру,  құс  фабрикаларының  əр  шаршы  метр  жерінен  өнім  шығымын  көбейтіп,  оның  өзіндік 
құнын төмендетуді көздейді. Осыған байланысты негізгі мақсат жəне міндет құсты дұрыс жəне тиімді 
пайдалануға  бағытталған  қоршаған  ортаның    экологиялық  нормативтерін,  құстың  тұқымдық 
ерекшеліктерін,  азықтандыру  мөлшерін  түгел  қамтитын  экологияландырылған  технологиялық 
процестің адамға қажет таза өнімдер (жұмыртқа, ет, мамық) алуға арналған. 
Ет  өнімділігі  бағытындағы  тауықтар  негізінен  бройлер  өндіру  үшін  өсіріледі,  аталық  түр 
ретінде  корниш  тұқымы,  аналық  түр  ретінде  ақ  плимутрок  пайдаланылады.  Корниш  тұқымынан 
аталық  тізбек  құрған  кезде  мынадай  көрсеткіштерге  назар  аударады:  еттің  тез  пісіп  жетілуіне, 


45 
 
бұлшық  еттерінің  əсіресе  сан  еттерінің  жақсы  жетілуіне,  тез  қауырсындануына,  қауырсыны  мен 
терісінің  ақ немесе сарғыштығына, əтештерінің ұрықтандыру қабілетінің жоғары болуына. Аталық 
тізбекті  селекциялағанда  инкубациядан  жұмыртқа  шығымына,  тіршілік  қабілетіне,  ет  сапасына, 
ересек мекиендердің  тірі салмағына 1кг өсіміне, құрама жем шығынына басты назар аудару  керек. 
Селекциялық жұмыстар жүргізу  үшін    тізбек  құру  барысында   құстың жеке басының   қасиеттеріне 
баға беріп, келесі белгілеріне қарайды. Стандартқа сəйкес тізбек құру үшін 8 апталық мерзімінде тірі 
салмағына  қарай  сұрыптау  жұмыстары  жүргізіледі.  Қатаң  тəртіп  бойынша  тірі  салмағы  төмен 
құстарды браққа шығарады. 
Жас  балапандардың  салмағын  арттырудағы  селекциялық  жұмыстар  ересек  құстардың  салмақ 
қосуына əкеледі. Сондықтан селекцияны жүргізген кезде ересек тауықтардың салмағы мен 8-апталық 
кезеңдегі  жас  балапандар  салмағының  арақатынасын  ескерген  жөн.  Ғылыми  тəжірибелік  құс 
шаруашылықтарында  негізгі  мақсат  құс  етін  өндіру  технологиясын  жетілдіру.  Əр  шаршы  метр 
жерден  өнім  шығымын  көбейтіп,  оның  өзіндік  құнын  төмендету.  Бүкіл  шығынды  барынша  азайту 
болып табылады. Сонымен қатар құрамы жемнің биологиялық құндылығын жақсартып, рационалды 
толықтыру ұүс шаруашылығының ең өзекті мəселелерінің бірі болып отыр.
 
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., аға оқытушы А.Қ.Қалиева  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет