50
Іле Алатауындағы
Rheum wittrokii өсімдігінің ценопопуляцияларының жай-күйін бағалау.
Жұмыстың барысында
Rheum witrickii өсімдігінің ценопопуляцияларының эколого-
ценотикалық ұштастығымен қатар, құрамында
Rheum wittrockii кездесетін өсімдіктер
қауымдастықтарының флоралық құрамы анықталды.
Витрок Рауғашы өсімдігінің екі популяциясы
табылып зерттелді: бірінші популяциясы Үлкен Алматы шатқалындағы шыршалы белдеуден ал,
екінші популяциясы Кіші Алматы шатқалындағы шыршалы белдеуден табылды.
Жалпы 1 популяциядағы өсімдіктер қауымдастығының флоралық құрамы 27 тұқымдастан 86
туыстан 97 түрден тұратындығы анықталды.
Таксономиялық құрамы келесіше көрініс табады:
Pinopsida класы 2 түрмен көрсетілген, 76 түр
Magnoliposida класына жатады, 19 түр
Liliopsida класына тиесілі.
Poaceae жəне
Asteraceae жетекші
тұқымдастар болып табылады жəне əрқайсысы 10 түрден тұрады (бірге 24,1%). Келесі кезекті яғни
екінші орынды
Ranunculaceae тұқымдасы 8 түрмен алып отыр (9,6%).
Жалпы 2 популяциядағы өсімдіктер қауымдастығының флоралық құрамы 25 тұқымдасты 66
туысты 97 түрді құрайды.
Liliopsida класына 20 түр жатқызылатын болса 81 түр
Magnoliposida
класына тиесілі.
Қорытынды: Сонымен құрамында Витрок Рауғашы кездесетін өсімдіктер қауымдары
флорасына
талдау
жасалынды.
Екі
популяциясы
табылып
олардың
құрамындағы
ценопопуляциялардың саны, тығыздығы жəне жастық спектрі анықталды. Нəтижесінде, төрт
ценопопуляциядағы əр жастық күйінің пайыздық мөлшері анықталды. Нəтижесінде, бірінші
популяцияда жас генеративтік дарақтар тобы басым екендігі (42,5%) ал екінші популяцияда
виргинильдік дарақтар тобы (46,1%) басым екендігі анықталды. Бір дараққа шаққанда тұқым
өнімділігінің орташа көрсеткіштері екі популяцияда бірдей екендігі айқындалды.
Rheum witrickii өсімдігінің тамырларының шикізат ретінде алынуы, сабақтарының азықтық
өсімдік ретінде жиналуы, өсімдіктің мекен ететін жерлерінің бұзылуы нəтижесінде өсімдіктер саны
табиғатта азаюда. Сондықтан келешекте бұл өсімдікті табиғатта сақтап қалу үшін Іле-Алатау ұлттық
паркіне қорғау шараларын күшейту қажеттігі туралы ұсыныс жасалынады.
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.д., проф. Мухитдинов Н.М., PhD.Карашолакова Л. Н.
Достарыңызбен бөлісу: