ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ ASTERACEAE BERCHT. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Муратбек Ж.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
a.zh.childabaeva@gmail.com
Қазақстанда биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында түрлік алуантүрлілік
нысандарының жағдайын бағалау жəне инвентаризациялауға арналған шараларды жүзеге асыру,
ерекше қорғалатын табиғи территорияларды арттыру жəне заманауи табиғи жəне антропогендік
процестер есебінен бұзылған территорияларда сирек түрлерді жасанды өндіру жəне қайта қалпына
келтіру көмегімен сирек түрлердің табиғи популяцияларын сақтау қажет. Инвентаризациялауды
қажет ететін биоалуантүрлілік нысандарының бірі Іле өзенінің төменгі ағысының флорасы мен
Asteraceae Bercht. тұқымдасы болып табылады.
Asteraceae Bercht. ең ірі тұқымдас, құрамында 1000 туыс, 18-20 000 түр бар. СНГ флорасында
165 туыс, 3500 түр, ал Қазақстан флорасында 114 туыс, 700 түр бар. Тұқымдасқа тəн белгілер:
гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер жиналып қалқанша немесе сыпыртқы
түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді.
Ораманың жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың формасы жəне түсі осы
тұқымдастың өкілдерін классификациялауға жəне анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады.
Себеттің үстінгі беті жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін; жылтыр немесе емшек тəрізді;
тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс. Көптеген өкілдерінде сүтті
шырындары бар бунақты түтіктері болады. Күрделігүлділерді күлтесінің формасына байланысты
түтікшегүлділер жəне тілшегүлділердеп 2 тұқымдас тармағына бөлінеді.
Зерттеу қорытындысы бойынша Іле өзенінің төменгі ағысына далалық экспедицияға шығу
барысында күрделігүлділер тұқымдасынан мынадай түрлер жиналып, өңделді: Acroptilon repens (L.)
DC., Artemisia absinthium L., Artemisia nitrosa Weber, Artemisia scoparia Waldst. et Kit., Artemisia