"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ БАЛХАШ АЙМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН HALOXYLON APHYLLUM ӨСІМДІГІНІҢ



Pdf көрінісі
бет80/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ІЛЕ БАЛХАШ АЙМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН HALOXYLON APHYLLUM ӨСІМДІГІНІҢ 
БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ 
 
Ниятхан А.Б.    
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
bekzat.tynybekov@gmail.com
  
 
Жердің  дегредациясы  -  адамзаттың  əсерінен  планетамыздағы  жерге  қауіп  төнуі.    Олардың 
шығу  себептері  шөлді  аймақтардағы  су  мөлшерінің  жетіспеушілігінен  туындайды.  Жердің 
дегредацияға  ұшырауы  əртүрлі  факторлардың  салдарынан  болады,  көбінесе  жергелікті  адамдардың 
мұқтаждықтарының  себептерінен,  климат  өзгерістерге  ұшырайды,  құрғақшылық  пен  судың 
жеткіліксіздігінен.      Ол  көптеген  биологиялық  өнімділіктің  төмендеуінен  жəне  топырақтың 
құнарсыздығынан, өнім беру қабілеттілігінің төмендеуінен  туындап отырады.  
Қазақстанда  66  пайыз  жердің  көлемі  шөлге  жатады.  Шөлденудің  негігі  себептері:    табиғи 
фактор жердің дегредцияға ұшырауы: климаттық  əсерлер (жауын, температура, жел, құрғақшылық); 
жеңіл топырақ дефляциясы, өсімдіктердің тұқымқуалаушылық дегредациясы; шаруашылық салдары: 
малдың  зақымдауы;  орман  ағаштарын  дұрыс  кеспеуден,  мал  бұталарды  жəне  бұташаларды 
зақымдауынан жəне отынға пайдалану салдарынан. 
Іле-Балқаш территориясы аридті белдеуде тұр, осы территорияда Қазақстандағы үлкен құмды 
массивтер бар: Сары-Есік-Атырау, Таукұм, Мойынкұм, Люккұм жəне тағыда басқа аридті аудандар 
бар, сонымен қатар жылына 100 - 150 мм су мөлшері болмайтында аймақтарды айтуға болады. Мұнда 
топырақтың  булану  қарқындылығы  жылына  1000  -  1500  мм    су  мөлшерін  жоғарлайды.  Мұнда 
топырақтың  механикалық  құрамы  жеңіл.  Құмға  өсімдіктер  мықтап  бекінген,  олардың  ішінде  ең 
басым  түрі  қара  сексеуіл  (Haloxylon  aphyllum  (Minkw.)).  Басқа  да  ағаш  жəне  бұталы  өсімдіктердің 
ішінде:  жиде  (Eleganus  angustrifolia),  шенгел  (Halimodendron  halodendron),  тұранғы  (Populus 
deversifolia),  жүзгін  (Calligonum  aphillum),  теріскен  (Eurotia  ceratoides),  астрагал  (Astragalus 
ammodendron). 
Шөлдердің  орманды  сүректі-бұталы  өсімдіктер  жабыны  сусымалы  құмдарды  бекітіп, 
халықшаруашылығындағы  объектілерге  шашылудан  қорғайды,  жайылымға  пайдаланылатын 
жерлердің өнімділігін арттырады. Қазақстанда шөлді аймақтардағы негізгі орманды түзуші породасы 
-  сексеуіл  –  Halóxylon  aphyllum,  Halóxylon  persicum.  Шөлдің  суық  климатты  жағдайы  мен 
антропогенді  факторлардың  (мал  жайылымы,  отынға  пайдалану  жəне  т.б.)  қарқынды  əсеріне 
байланысты  шөлді-құмды  ормандардың  аумағы  біршама  азайған.  Іле-Балқаш  аймағының  сексеуіл 
орманы  ол  республикамыздағы  аридті  территориясының  экожүйесін  болғандықтан  оны  сақтау 
маңызды болып отыр.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Тыныбеков Б.М. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет