Ғарифолла Жұмабекұлы Абылқасов



бет3/4
Дата23.06.2022
өлшемі29,1 Kb.
#37240
1   2   3   4
Байланысты:
мақала АПН Абылкасов Гариполла

Қорытынды
Жақан Сыздықұлы Ғабдолла Тоқай өлеңдерін мазмұнынан алшақтамай, формасын да сақтай отырып, немесе кейбір өлеңді түпнұсқа формасынан өзгеше, мазмұнын да біршама алмастыра, еркін аударса да, тым шығандап, немесе шиырлап кетпей, оқырманға түсінікті тілде бере білуге көңіл бөлгенін, ал теориялық, практикалық тұрғыда жалпы тәржіма мәселесіне ұқыпты қарағанын көреміз. Осы орайда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың аударма мәселесіне, аудармашының жеке қабілет-қарымына қатысты мына бір айтқан пікірін келтіруді жөн көрдік: «Бұл бағытта аудармашының білімі, талғамы, дарыны, болмысы, характері бой көрсетпей тұрмайды. Түпнұсқа қай елде, қай тілде, қай дәуірде туды, автордың өмір тарихы қандай, өсу жолы нешік, осының бәрін жетік білу қажет. Осының үстіне аудармашының аударылмыш туындыны өз көңілінен, ыстық жүрегінен ыстық сезіммен, нәрлі талғаммен өткізуі шарт. Аударма үстінде шабыттанбаған, бейнеттене рахаттанбаған, жүректің қанымен жазбаған адам ана тілде ұзақ жасайтын дүние тудыра алмайды»[14]. Тәкен ақынның, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың бұл пікірін ескере отырып, жоғарыдағы мысал ретінде алған Ғабдолла Тоқай өлеңдері аудармасына көз жүгіртер болсақ, біз Көкше өңірінен шыққан белгілі қаламгер, аудармашы Жақан Сыздықұлының ыстық сезім, нәрлі талғамынан өткен тәржімаларының ұзақ жасайтын туынды екендігіне анық көз жеткіземіз. Ғылыми еңбек жазу барысында пайдаланған, татар классигі Ғабдолла Тоқайдың туғанына 130 жыл толуына орай Халықаралық Түркі академиясының әзірлеуімен Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында жарық көрген «Ғабдолла Тоқай»[11] кітабына Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жақан Сыздықұлы, Төкен Әбдірахманов, Қадыр Мырза Әли, Сырбай Мәуленов қатарлы қазақ ақындарының әр кезеңдерде аударған елу таңдамалы өлең қамтылған болса, сол елу өлеңнің тең жартысы, яғни Ғабдолла Тоқайдың жиырма бес үлкенді-кішілі туындысы Жақан Сыздықұлының тәржімасы болуының өзі-ақ көп нәрсені аңғартып тұрғаны анық. Демек, Жақан Сыздықұлының татар-қазақ әдебиеттері байланысын дамытудағы орны ерекше, татар қаламгерлері шығармашылығын қазақ тілінде сөйлетудегі шеберлігі бір төбе деп қорытындылауымызға болады.
Ақының досы, татар жазушысы Қауа Нәжмидің әр хатында айтатын: «Қазаққа арзан, татарға қымбат Жақан», қазақтың қарымды қаламгері, Көкше өңірінің тумасы Жақан Сыздықұлы туған халқының руханияты үшін 53 жыл аянбай қызмет етіп, соңына мол әдеби мұра қалдырып, 1977 жылдың 23 қазанында пәниден бақиға аттанады. «Ер есімі – ел есінде» дегендей, өз тұсында еңбегі еленіп, тым құрығанда «Еңбек ардагері» медалін де өңіріне тақпай өмірден өтсе де, туған халқы және де туысқан татар халқы Жақан ақынды ұмытпақ емес. Соның бір айғағы – ақын аудармаларына тоқталған осы еңбегіміз болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет