Тақырыбы: Сұйық дәрілік заттардың өндірісімен таныстыру.
Қысқаша конспект: Емдеу практикасында қолданылатын дәрілік заттардың кең ассортиментiнiң iшiнде сұйық дәрiлiк формалар маңызды орын алады (шамамен 15%) және маңыздылығын жоғалтпайды.Сұйық дәрілік формалар, дисперсиялық классификацияға сәйкес, сұйық дисперсиялық ортада заттар (қатты, сұйық немесе газ тәрізді) таралған еркін жан-жақты дисперсті жүйелер болып табылады.
Дисперсті фазаға байланысты сұйык дәрілік формалар гомогенді (шынайы ерiтiндiлер, жоғары молекулалық заттардың ерiтiндiлерi), гетерогенді (коллоидты ерiтiндiлер, суспензиялар. эмульсиялар) немесе дисперсті жүйелердің осы негізгі түрлерінің комбинациясы (шығу тегі өсiмдiктекті, жануартектi және минералды дәрiлiк шикізаттан су, спирт-су немесе басқа экстракциялар түріндегі аралас жүйелер) болуы мүмкін. Сұйық дәрі-дәрмектер медициналық практикада өте кең қолданылады, олар iшке (ерiтiндiлер, тұнбалар, тамшылар, сироптар және т.б.) және сыртқа қолдануға (лосьондар, шаю, тамшылар. медициналык көбiктер және т.б.) тағайындалады.Сұйық дәрілік формалардың ерекше тобын иньекциялық және инфузиялық препараттар құрайды. Мф сәйкес сұйық дәрiлiк нысандарға мыналар жатады:
-ауыз арқылы қолдануға арналған сұйық дәрiлiк заттар (фармацевтикалық ерiтiндiлер, сироптар, суспензиялар және эмульсиялар);
- парентеральдi қолдануға арналған дәрілік заттар (иньекциялық және инфузиялық препараттар, концентраттар);
- көзге арналған дәрiлiк нысандар (көз тамшылары, спрейлер, лосьондар, жанаспалы линзаларды өндеуге арналган сұйықтықтар);
- мұрын құралдары( мұрын жуу, мурын тамшылары және сұйық аэрозольдер);
- құлақ құралдары (құлакты жуу, құлақ тамшылары және аэрозольдер);
- қысымдағы дәрiлiк заттар (аэрозольдер, спрейлер);
- Медициналық көбіктер:
- сұйық экстракциялык препараттар (тұнбалар, сұйык сығындылар. концентрат-сығындылар, кейбiр барынша тазартылған препараттар).
ЖШС«AntiGen», ЖШС «Fitoleum», ЖШС «Келун» осы зауыттар сұйық дәрілік заттарды өндірумен айналысады.