Фармацевтикалық технология кафедрасы


Практиканың төртінші күні



бет7/15
Дата22.12.2023
өлшемі2,91 Mb.
#142528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Практиканың төртінші күні:
Практиканың бұл күнінде біз симуляционды центрде Аширханқызы Жанат апаймен бірге дәрілік препарат дайындау кезінде қолданылатын техникалық ережелермен және құрылғылармен толық таныстық. Сондай-ақ дәрі-дәрмек өндіру кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптармен таныстық. Бұл практикалық сабақ біз үшін ақпаратқа толы күндерді бірі болды.

6-сурет: Симуляционды центр.



23.10.2023ж

Тақырыбы:
Жұмсақ дәрілік формалардың өндірісімен танысу.
Қысқаша конспект
Жұмсақ дәрілік формалар - теріге жағатын дәрінің бір түрі.
Оның құрамына шипалық заттар және әр түрлі майлар кіреді. Май дәріні даярлау үшін вазелин, ланолин, шошқаның шарбы майы, глицерин, т.б. қолданылады. Жақпа майлар– жақпа май негізінде біртегіс таралған, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, тұтқыр консистенциялы жұмсақ мөлшерленбеген дәрілік форма болып табылады. Құрамында қабынуға қарсы, антисептикалық, жансыздандыратын және т.б. заттар болады. Жақпа майлар теріге, кілегей қабықшалардың, жарақаттың беткейлеріне жағу үшін қолданады. Жақпа майлар күрделі дәрілік түрлер болып саналады. Құрамында дәрілік заттар және негіз бар. Негіздер жақпа майларға керекті салмақты, дәрілік заттардың сәйкес концентрациясын керекті консистенция тұрақты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар негіздер дәрілік заттардың резорвциялық деңгейін жылдамдығын басқарады. Яғни, фармакодинамикада маңызды роль атқарады. Фармакодинамика жақпа майлардың активті құрамы болып табылады. Қазіргі кезде жақпа майлар дайындау үшін колданады. 100-ге тарта негіздер белгілі. Олар химиялық бойынша сыртқы түрі, алыну көзі бойынша ажыратады. Жақпа майлардың негізді таңдау ауру түріне дәрілік заттардың физикохимиялық қасиетіне байланысты. Негізге қойылатын талаптар : жағылатын қабілеті яғни керекті құрамдас механикалық қасиеті болуы керек,дәрілік заттар жақсы қабылдауы яғни, дисорбирлеуші қабаты болуы керек, ауаның, жарықтың әсерінен бұзылмауы, оған енгізген дәрілік заттарға түспеуі керек, химиялық тұрақты болуы керек, фармакологиялық индеферентті немесе өзіндік емдік қасиеті болмауы керек, жақпа майлардың негіздер тітіркендіргіш, сенсибилизациялық әсер көрсетпеуі керек, т.б. талаптар қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет