Фармацевтикалық технология кафедрасы



бет4/15
Дата22.12.2023
өлшемі2,91 Mb.
#142528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Практиканың екінші күні:
Біз екінші практикалық сабақта лектор Амирханова Ақерке Шиынкуловнамен «Эктракциялаудың теориялық негіздері. Экстрациялаудың жолдары» атты мастер-классқа қатыстық. Мастер-класста эктракциялаудың дәстүрлі жолдары туралы және дәрілік өсімдіктердің құрамдары туралы мәлімет берді.

02.10.2023ж

Тақырыбы:
Қатты дәрілік заттардың өндірісімен танысу.


Қысқаша конспект:
Қатты дәрiлiк түрлерге таблеткалар (пленкалы жабыны бар және жабыны жоқ), капсулалар (қатты немесе жұмсақ) және ұнтақтар (қарапайым немесе кешендi қоспалар) жатады. Қатты дәрiлiк түрлер (негiзiнен таблеткалар) дәрiлiк заттардың ең көп таралған түрлерi, бұл соңғы артықшылықтарға байланысты:
•Наукас үшiн қолдану қолайлылығы мен қарапайымдылығы
•Тасымалдау және сактау онай
•Жылу, жарық, ылғалға қатысты жеткiлiктi тұрақтылық
•Физикалық тұрактылық микроағзалар контаминациясына салыстырмалы жоғары тұрақтылық
•Дәрiлiк заттардың көпшiлiгi болу кабілеті
•Әр түрлі ыдыстарға орау қарапайымдылығы
• Сәйкестендіру
•Сәйкестендіру оңай

Аталған артықшылықтарды ескере отырып, қатты дәрілік заттар фармацевтикалық өндiрiс көлемінің негізгі бөлігін құрайтынын атап өткен жөн. Қатты дәрілік түрлер дайындауға арналған жабдықтар тиiстi өндiрiстiк практика талаптарына сай болуы керек:



  • Сенімділігі

  • Тазалау оңай

  • Процесс сенімділігі

  • Жеткілікті өнімділік

Қатты дәрілік заттарды «Жанафарм», ЖШС«Dolce»,т.б. зауыттары шығарады.
«Жанафарм» ЖШС Агриппин препаратының 2 түрін шығарады:
Агриппин ацетилсалицил қышқылымен - Агриппин СР®
Агриппин парацетамолмен - Агриппин ®
Агропиннің әрбір түрінің Қауіпсіздік пен сапа бойынша Берілген қорытындылар тізімінде тіркелген өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы жарамды Қорытындысы бар.
Қорытынды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен берілді.
Агриппин ® препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
Сауда атауы:
• Агриппин ®
Халықаралық патенттік емес атау:
• Жоқ
Дәрілік форма:
• Таблеткалар
Бір таблеткада:
• Белсенді заттар: Агриппин СР® түріне байланысты - ацетилсалицил қышқылы 0,25 г немесе Агриппин ® - парацетамол 0,25 г, аскорбин қышқылы 0,15 г, кальций глюконаты 0,05 г, дифенгидрамин гидрохлориді 0,01 г, рукутин 0,01 г;
• қосымша заттар: крахмал, аэрозил, кальций стеараты.
Сипаттамасы:
• Ашық сары түсті жалпақ цилиндр пішінді, қосындылары бар, бір жағында қыры бар, диаметрі 12,00 мм таблеткалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет