Фармацевтикалық пәндер кафедрасынан оқу тәжірибесінің есебін қабылдайтын жауапты жетекші:
_____________________________________________________________
Бағалау_______________қолы_____________күні__________________
ЕСЕП
Тәжірибелік оқуды өту барысында кәсіпорындардың сипаттамалары, олардың ұйымдық құрылымы зерттелді, есеп жазу үшін қажетті материалдар жиналды, кіріспе нұсқамада қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша өз білімімді толықтырдым. Сондай-ақ, GMP қағидаттарына сәйкес фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын, үй-жайлардың тазалық класстарын зерделеп, сапалы талдаулар жүргізу, қатты, сұйық, жұмсақ формалы дәрілік препараттар өндірісінде пайдаланылатын аппараттар мен аспаптар туралы ақпаратты талдап қарастырдым. Тақырыптық жоспарға сәйкес тәжірибеден өттік.
«ПЛП ЖанаФарм» ЖШС
03.05.2022 жылдан бастап оқу тәжірибесінен өту кезеңінде «ПФК Элеас» ЖШС, «AntiGen» ғылыми-өндірістік кәсіпорны" ЖШС, «Dolce-Pharm» ЖШС, «ПЛП ЖанаФарм» ЖШС, Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ, «Fitoleum» ЖШС, «LuAli-Pharm» ЖШС, «Паритет» ЖШС, «ЦМС» атты компанияларының тәжірибеге жауапты жетекшілері бізге силлабустың тақырыптары мен теориялық бағытындағы сұрақтарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сапаны бақылау бөлімінің жұмыс істеу механизмін толығымен ұғып алып, оның міндеттерін білдім, дәрілік шикізаттың физика-химиялық қасиеттерін анықтауды үйрендім.
«Fitoleum» ЖШС және «Паритет» ЖШС ұйымдастырған фармацевтикалық өндірістегі өзіндік инспекция, аудит және дезинфекция тақырыбына дәріс
Қорытындылай келе, бұл оқу тәжірибесі одан әрі тәуелсіз қызмет үшін жақсы тәжірибе болып табылады. Өтілген тәжірибе барысында мен жаңа қызықты фактілермен, өз мамандығымның ерекшеліктерімен таныстым, теориялық білімімді нығайттым, сондай-ақ бұл тәжірибе менің болашақ мансабым үшін жақсы қадам болады деп санаймын. Сондай-ақ, бұл оқу тәжірибесі бізге кәсіпорындардың басқару және ұйымдастыру құрылымын, олардың жұмыс істеу механизмін көрнекі түрде көрсеткен болатын және біздің қызмет саласын терең білу үшін нұсқаулы әрі ақпараттық жағынан маңызды болды.
Достарыңызбен бөлісу: |