«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Фармацевтикалық технология кафедрасы
Силлабус
Редакция: 1
беттің беті
Б
байланыс ақпараты: Оқытушылар туралы мәліметтер
№
Ф.И.О.
Должность
Ученая степень
Электронный адрес
Жандабаева М.А.
оқытушы
магистр
moti_23.91@mail.ru
Кизатова М.Ж.
Профессор
профессор
Kizatova.m@kaznmu.kz
Ибадуллаева Г.С.
Доцент
PhD
Ibadullaeva.g@kaznmu.kz
Тургумбаева А.А.
Доцент
PhD
turgumbaeva.a@kaznmu.kz
Койлыбаева М.К.
Ассистент
Магистр
moliya-90@mail.ru
Пәннің саясаты:оқу үдерісін жүйелі және мақсатты жүзеге асыру медициналық ЖОО-да оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.
1. Білім беру процесінің барлық кезеңдерінде Академиялық адалдық ережелерін сақтау;
2. Міндетті түрде, практикалық сабақтарға кестеге сәйкес кешігусіз қатысу;
3. Белгіленген үзіліс уақытын сақтау;
4. Практикалық сабақтарға үнемі дайындалу;
5. Оқу процесіне белсенді қатысу (теориялық материал дайындау, ситуациялық есептер мен тест түрінде тапсырмаларды шешу, шағын топтардың жұмысына, дискуссияларға қатысу);
6. Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау кезінде шпаргалкаларды, оқулықтарды, конспектілерді, ұялы телефондарды және басқа да техникалық байланыс құралдарын пайдаланбау;
7. СӨЖ бойынша тапсырмаларды өз бетінше, тиісті тақырып бойынша практикалық сабаққа дейін алдын ала орындау және силлабуспен анықталған мерзімде орындалған тапсырмалардың нәтижелерін ұсыну;
8. Тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта СӨЖ бойынша жеке тапсырманы орындау. СӨЖ тақырыбы жеке бөлінеді. СӨЖ бағаланбайды. СӨЖ бойынша сұрақтар аралық және қорытынды бақылауға енгізіледі;
9. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау; кафедраның оқу және оқу-әдістемелік әдебиетіне, университеттің кітапхана қорына, кафедра мүлкіне ұқыпты қарау;
10. Білім беру процесінің барлық қатысушыларына қатысты этика және деонтология ережелерін сақтау, ПОҚ және басқа да студенттерге құрметпен қарау;
11. Топта даулы жағдайларды оқытушының, оқу меңгерушісінің, кафедра меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау.
Студент құқылы: 1. Сабақ кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу мүмкіндігі бар.
2. Студент аралық бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда, ол апелляцияға беруге құқылы, оны құрамында кафедраның 3 оқытушысы бар Комиссия жүргізеді.
3. Оқу ісінің меңгерушісі немесе кафедра меңгерушілерінің қатысуымен топтардағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.
Практикалық сабақтар кезінде студенттерге тыйым салынады: 1) Ұялы құрылғыларды / гаджеттерді пайдалану;
2) Оқытушының рұқсатынсыз оқу бөлмесінен/аудиториядан шығу (жұмыс орнынан кету);