Фармацевтикалық технология кафедрасы



бет1/26
Дата13.01.2023
өлшемі5,5 Mb.
#61155
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Проф темин силлабус каз








«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



Фармацевтикалық технология кафедрасы



Силлабус



Редакция: 1

беттің беті




Б



байланыс ақпараты:
Оқытушылар туралы мәліметтер



Ф.И.О.



Должность

Ученая степень

Электронный
адрес


Жандабаева М.А.

оқытушы

магистр

moti_23.91@mail.ru


Кизатова М.Ж.

Профессор

профессор

Kizatova.m@kaznmu.kz


Ибадуллаева Г.С.

Доцент

PhD

Ibadullaeva.g@kaznmu.kz


Тургумбаева А.А.

Доцент

PhD

turgumbaeva.a@kaznmu.kz


Койлыбаева М.К.

Ассистент

Магистр

moliya-90@mail.ru



Пәннің саясаты: оқу үдерісін жүйелі және мақсатты жүзеге асыру медициналық ЖОО-да оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.
1. Білім беру процесінің барлық кезеңдерінде Академиялық адалдық ережелерін сақтау;
2. Міндетті түрде, практикалық сабақтарға кестеге сәйкес кешігусіз қатысу;
3. Белгіленген үзіліс уақытын сақтау;
4. Практикалық сабақтарға үнемі дайындалу;
5. Оқу процесіне белсенді қатысу (теориялық материал дайындау, ситуациялық есептер мен тест түрінде тапсырмаларды шешу, шағын топтардың жұмысына, дискуссияларға қатысу);
6. Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау кезінде шпаргалкаларды, оқулықтарды, конспектілерді, ұялы телефондарды және басқа да техникалық байланыс құралдарын пайдаланбау;
7. СӨЖ бойынша тапсырмаларды өз бетінше, тиісті тақырып бойынша практикалық сабаққа дейін алдын ала орындау және силлабуспен анықталған мерзімде орындалған тапсырмалардың нәтижелерін ұсыну;
8. Тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта СӨЖ бойынша жеке тапсырманы орындау. СӨЖ тақырыбы жеке бөлінеді. СӨЖ бағаланбайды. СӨЖ бойынша сұрақтар аралық және қорытынды бақылауға енгізіледі;
9. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау; кафедраның оқу және оқу-әдістемелік әдебиетіне, университеттің кітапхана қорына, кафедра мүлкіне ұқыпты қарау;
10. Білім беру процесінің барлық қатысушыларына қатысты этика және деонтология ережелерін сақтау, ПОҚ және басқа да студенттерге құрметпен қарау;
11. Топта даулы жағдайларды оқытушының, оқу меңгерушісінің, кафедра меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау.


Студент құқылы:
1. Сабақ кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу мүмкіндігі бар.
2. Студент аралық бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда, ол апелляцияға беруге құқылы, оны құрамында кафедраның 3 оқытушысы бар Комиссия жүргізеді.
3. Оқу ісінің меңгерушісі немесе кафедра меңгерушілерінің қатысуымен топтардағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.


Практикалық сабақтар кезінде студенттерге тыйым салынады:
1) Ұялы құрылғыларды / гаджеттерді пайдалану;
2) Оқытушының рұқсатынсыз оқу бөлмесінен/аудиториядан шығу (жұмыс орнынан кету);


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет