Технологиялық регламент (ТР) – ұйым қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес әзірлейтін және технологиялық режимді, технологиялық процестің операцияларын жүргізу тәртібін анықтайтын, қажетті сападағы өнімдерді шығаруды, сондай-ақ өндірісті пайдаланудың қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық құжат. Технологиялық регламенттің қолданылу мерзімі: 10 жылдан аспайды. Өндіріске және жүзеге асырылатын жұмыстардың мақсаттарына байланысты технологиялық регламенттердің келесі түрлері бар:
Тұрақты технологиялық регламенттер - өндірілетін өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ететін игерілген өндірістер үшін әзірленеді;
Уақытша (іске қосу) технологиялық регламенттер - осы кәсіпорында жаңа өндірістер, технологиясына түбегейлі өзгерістер енгізілген жұмыс істеп тұрған өндірістер, жаңа технологиясы бар өндірістер үшін әзірленеді;
Бір реттік (тәжірибелік) технологиялық регламенттер- тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыларда (цехтарда), сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерде жүргізілетін тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар үшін тауар өнімін шығару кезінде әзірленеді;
Зертханалық (іске қосу жазбалары, өндірістік әдістемелер) технологиялық регламенттер - тауар өнімін шығармайтын зертханалық, стендтік және модельдік қондырғылар үшін әзірленеді.
Өндірістегі дайын өнімнің сипаттамасы Өндірістің химиялық схемасы Өндірістің технологиялық схемасы Өндірістің аппаратуралық схемасы және құрал-жабдықтардың спецификациясы; Негізгі және көмекші шикізаттың, материалдардың, жарлылай өнімдердің (полуфабрикаттардыі) сипаттамас; Технологиялық процесстің мазмұны Материалдық баланс Өндірістің қалдықтары, сыртқа шығарылатын технологиялық және вентиляциялық қоқыстар, оларды қайта өндеу жолдары және құрал-жабдықтар Өндірісті бақылау Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария Сыртқы ортаны қорғау Өндірісті нұсқаулардың тізімі
Регламенттің құрылысы
дәріханадан дәрі-дәрмектерді жіберуді тездетеді, бұл әр түрлі эпидемиялар пайда болған кезде өте маңызды;
препараттың сапасын арттырады, өйткені препаратты өндірістік жағдайда дайындаған кезде оның сапасы Технологиялық процестің әрбір кезеңінде тексеріледі;
дәріханаларда дәрі-дәрмектерді жеткізу олардың толықтығына байланысты жеңілдейді;
дәрі-дәрмектің өзіндік құны төмендейді;
дәрі-дәрмек түрлерінің ассортиментін кеңейту, бұл олардың ішінен ең тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді;
дәрілік заттардың тиімді әсерін қамтамасыз етеді;
дәрілік заттардың сапасы артады, олардың қолданылу мерзімі ұзартылады, сақтау және тасымалдау шарттары жақсарады;
озық технологиялар енгізіледі және технологиялық процестерді бақылау сапасы артады;
технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру