12 лекция Құрылымдық статистикалық идентификациялау Мақстаы: құрылымдық статистикалық идентификациялау; байланыс тығыздығының статистикалық критерийлері; модель координаттарының себеп-салдарлық қатынастар бағдарының тәсілдері мен критерийлері; модель құрылымын идентификациялау кезеңіндегі шешімді қабылдаудың статистикалық процедурасын ұйымдастыру қарастырылған.
Тезистер Параметрлік идентификаттау әдістерін пайдалану алдында модельдің құрылымын анықтау қажет. Бұл идентификаттау теориясының негізгі проблемаларының бірі.
Құрылымдық идентификаттау зерттелетін объекттегі үрдістерді сипаттайтын математикалық модельді таңдауға келтіріледі. Модель құрылымын априорлы таңдаудың формализацияланған процедуралары осы күнге дейін жоқ. Оны келесімен түсіндіруге болады:
1) басқару жүйелерде объектте өтетін үрдістердің ең маңызды жақтарын бейнелейтін математикалық модельдер пайдаланылады. Сондықтан идентификаттау жүйелерінде қара щәщік концепциясы басымды;
2) үрдістердің табиғатын сипаттау үшін физикалық заңдарды пайдалану әрекеті математикалық сипаттауды алу процедурасын едәуір күрделендіруі мүмкін. Сондықтан, математикалық модель құрылымын таңдау орындалмайтын мақсатқа айналуы мүмкін, себебі физикалық заңдарда бейнеленуді таппаған немесе өте күрделі математикалық бейнеленуге ие болатын үрдістерді сипаттау қажет болады.
3) жаңа (жеткіліксіз зерттелген) объекттерді идентификаттау тек қара щәщік концепциясына негізделеді, ал ол өз жағынан, априорлы анықсыздықтың пайда болуына әкеледі.
4) кез-келген нақтылы объект сыртқы ортамен байланысқан, сондықтан модель құрылымын таңдау кезеңінде нақтылы шектеулерді ескеру керек.
Модельдеудің негізгі кезеңдеріндегі құрылымдық идентификаттау. Бірінші проблема (құрылымдық идентификаттау) 10 лекцияда қарастырылған келесі төрт негізгі кезеңдерден тұратын бүкіл мөдельдеу үрдісінің негізгі проблемасы болып табылады:
модель құрылымын таңдау және оның блоктарын математикалық сипаттау;
модельді зерттеу;
модельді экспериментальды түрде тексеру.
Осы проблемамен модельдеудің кемінде алдыңғы үш кезеңі түйіседі. Нақтылы объекттердің үлкен әр түрлілігіне және күрделігіне байланысты бұл проблеманы толық формализациялау мүмкін емес. Мұнда зерттеушінің кәсіби шеберлігінің, үрдістердің физикалық механизмін білу, мақсатты дұрыс тұжырымдау және есеп қойылымының рөлі өте үлкен.