«Химия-технологиялық процесстерді модельдеу» пәнібойынша
дәріс кешені
ДӘРІС КЕШЕНІ
Пән: «Химия-технологиялық процестерді модельдеу»
Пән коды: НТРМ 3301
БББ атауы: 6В0720100 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Оқу сағатының көлемі/(кредит): 180 сағат/ (6 кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 3курс, 5 семестр
Дәріс көлемі 15 сағат
Шымкент, 2021 Дәріс кешені БББ бойынша МОБ сәйкес әзірленген «» және кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № __ ___ ________ 2021ж
Кафедра меңгерушісі _______ Арыстанбаев К.Е.
Лекция 1 Кіріспе
Мақсаты: лекцияда біз келесі проблемалар мен мәселелерді қарастыру: идентификаттау әдістерінің дамуы мен қалыптасуы туралы қысқаша анықтама; модельдеудің философиялық аспекттілері; басқару үрдістеріндегі идентификаттау; модельдер мен оларды құру әдістері туралы негізгі түсініктер; нақтылы объектпен салыстырғанда модельді қарапайымдаудан бастарту мүмкін еместігі; модельдеу мақсаты үшін маңызды болатын объекттің қасиеттерін бейнелеу; адекваттылық және модель адекваттылығының критерийлері.
Тезистер Жүйе сипаттамаларын идентификаттау мәселесін жүйені басқару мәселесіне қатысты дуальды ретінде қарастыруға болады. Жүйе алдын ала немесе басқару барысында идентификатталмаған болса оны басқару мүмкін емес.
Бұл пәнде идентификаттау модельдерін берудің түрлі формаларына негізделген идентификаттаудың түрлі әдістері қарастырылады (мысалы, дифференциалды теңдеулер, айырымдық теңдеулер, беріліс функциялар, градиенттік өрнектер және с.с.).
Қарастырылатын әдістердің бірде біреу жүйелердің барлық түрлерін идентификаттау үшін жарамайды. Олардың әрқайсысының өз пайдалану аясы бар.
Идентификаттау теориясы басқару теориясына баламалы, дәлірек айтқанда, дуальды. Басқару теориясында басқару қателіктері (жүйе идентификатталған) келесі басқару үрдісін жақсарту үшін пайдаланылады.
Жалпы айтқанда, олар үшін зерттеулердің түрлі әдістері қажет болатын бірнеше жағдайларды ажыратады. Біріншіден, сызықты және бейсызықты жүйелерді ажыратады, сонымен қатар сызықты жүйелерді идентификаттау жеңілдеу, себебі олар суперпозиция қасиетіне ие. Екіншіден, стационарлы және стационарлы емес жүйелер (соңғысының қатарына уақыт барысында параметрлері өзгеретінжүйелер жатады). Үшіншіден, көп жағдайда жүйелер дискретті және үздіксіз болып жіктеледі. Жіктеудің төртінші нұсқасы бір немесе бірнеше кіріс әсерлері бар жүйелер үшін идентификаттау әдістерін ажыратады. Жіктеудің бесінші нұсқасы детерминді немесе стохастикалық үрдістерді идентификаттау мүмкіндігін көздейді. Жіктеудің алтыншы, ең маңызды, бырақ жүзеге асыруы қиын нұсқасы – жүйе туралы априорлы ақпараттың болуына тәуелді идентификаттау әдістерін жіктеу. Идентификаттаудың кез келген әдісінде қалып-күй векторының өлшемі және ішкі байланыстардың немесе бейсызықтық табиғаты туралы білім маңызды.