Фармакодинамиканың биохимиялық мәселелері


Доза және концентрация. Доза түрлері



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата01.11.2022
өлшемі1,1 Mb.
#46642
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 3 ДЗ БХ

Доза және концентрация. Доза түрлері 
• Доза организмге енгізілген ДЗ бір реттік мөлшері; салмақтық, 
көлемдік немесе шартты бірлікпен өрнектеледі. 
• Доза түрлері: 
бір реттік
Тәуліктік
Курстық
Терапиялық емдік –профилактикалық мақсаттағы ДЗ
Токсиндік немесе өлтіретін доза – токсикалық эффект тудырып, 
органимзді өлімге әкелетін мөлшер.


• Дәрінің мөлшері – 1 реттік қабылдауға арналған 
препараттың мөлшері.
• Дәрі мөлшер түрлері: жоғарғы реттік мөлшер, жоғарғы 
тәуліктік мөлшер, соққы әсерлі (ударная) –қарқынды 
мөлшер, терапевтикалық мөлшер, улы (токсикалық) 
мөлшер, курстық мөлшер, ең жоғарғы көтерімді мөлшер, 
өлімге әкелетін (летальная-смертельная доза) мөлшер.
• Жоғарғы реттік мөлшер - дәрі мөлшерін асырғанда 
уытты әсер көрсететін, 1рет қабылдауға арналған дәрі 
мөлшері 


• Жоғарғы тәуліктік мөлшер дәрі мөлшерін асырғанда уытты 
әсер көрсететін, 1тәулік ішінде қабылдауға арналған дәрі 
мөлшері 
• Соққы әсерлі (ударная) –қарқынды мөлшер- пациент ағзасында 
инфекция өршіп тұрған уақытта (t жоғарылап, ауыр халде 
болғанда), микробтарды жылдам азайту үшін 2-4 есе артық 
берілетін доза.
• Ең жоғарғы көтерімді мөлшер - пациенттің кейбір мүшелерін 
зақымдауға әкелетін, максимальды көтере алатын, өлімнен 
арашалайтын дәрі мөлшері (өлім мен өмір аралығында жатқан 
жағдайда қолданылады).
• Терапевтикалық мөлшер - емдік әсер көрсететін дәрі мөлшері.
• Улы (токсикалық) мөлшер- ағзаға зақым келтіретін дәрі мөлшері 


Микробқа қарсы қолданатын заттар
• Микробқа қарсы заттардың әсері:
• Бактериоцидті әсер (cido- - өлтіру) - микробтарды өлтіретін әсер.
• Бактериостатикалық әсер (stasis - тоқтату) - микробтардың 
өсуін тоқтататын әсер.
• Кератолитикалық (грекшеден keratos- сүйел, мүйіз) әсер-
сүйелденген өсінділерді жібітіп, жоятын дәрі әсері. 
• Фунгицидті әсер- паразит саңырауқұлақтарға қарсы әсер.


• Денатурация- ақуыздардың табиғи қасиеттен жартылай 
немесе толық айырылуы.
• Микробқа қарсы дәрілердің әсер ету спектрі 
(микробтарды қамтуы) - кең немесе тар деп белгіленеді. 
Егер дәрінің әсер ету спектрі кең болса, онда ол дәрілік 
зат көптеген микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Егер 
дәрінің әсер ету спектрі тар болса, онда ол дәрілік зат 
жекелеген микроорганизмдерге ғана қарсы әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет