Антисептикалық және дезинфициялық заттар
•
Асептика (a- жоқ,
septicas- шіру, ірің) – жарада,
денеде
микробтардың пайда болуының алдын алу шарасы.
Асептикалық жағдай операциия жасайтын бөлмелерде, дәрі
дайындайтын бөлмелерде жасалады.
•
Антисептика (anti- қарсы, septicas- шіру, ірің) – жарадағы,
денедегі пайда болған микробтардың өсуін тоқтату және жою
шарасы.
•
Дезинфекция - (des-керісінше, inficere- жұқпалану)-
қоршаған ортадағы (бөлме, киімдер, науқас күтімінде
қолданылатын заттар, аспаптар) өсіп келе жатқан
(вегетирующие) микроорганизмдер
мен паразиттерді жою
шарасы.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
№ Топтары
Әсері
Заттар
1
Галогендер
Құрамындағы белсенді
хлор немесе йод
микроб
жасушасын
денатурациялап, жояды.
Хлор ұнтағы, Хлорамин Б, Хлогексидин
0,02%, Де-хлор табл, Сульфохлорантин,
Йодтың спиртті ерітіндісі 2-5%, Йодинол,
Люголь ерітіндісі, Бетадин,
Повидон-йод,
Дезэффект сұйық, Хлорэффект таблетка
2
Фенол
туындылары
микроорганизмдердің
ферментативті
белсенділігін бөгеп,
ақуызды
денатурациялайды
Фенол 3%, 5%; Қайыңның қара майы
(Деготь), Ихтиол, Резорцин 2%, 5%
3
Альдегидтер
және спирттер
микроб жасушасы
протоплазмасын
сусыздандырып, микроб
ақуызын коагуляциялап
(ұйытып) жояды.
Этил спирті 95% (күйген жара жууға,
аспаптарды дезинфек-циялауға), 70%-(қол
жуу, тері сүртуге), 40%-(компреске),
Формальдегид (формалин) 0,5-1%,
Лизоформин, Гексаметилентетрамин
(Уротропин)