Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары



бет20/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.

Шілтер жапырақты шайқурай - Зверобой продырявленный Hypericum perforatum L.
Биіктігі 30-40 см болатын көпжылдық шөптектес өсімдік. Ол ТМД-ның Европа бөлігінің барлық аймақтарында, Кавказ бен Орта Азия тауларында, Сібір мен Қазақстанның орманды дала аймағында кездеседі. Қарағанды облысында шоқылар арасындағы қойнауда, одан басқа облыстың барлық аудандарында бұтатектестер арасында кездеседі. Кейінгі жылдары облыс аймағында бұл өсімдіктің саын өте азайып кеткен. Өсімдіктерді ысырапсыз жинаудың нәтижесінде Қу, Бақты, Қарқаралы тауларында олардың қопалары азайып кеткен. Сол жерлерде өсімдік шикізатын жинауға тыйым салып, олардың қорын қайта қалпына келтіру жағдайларын туғызу керек.
Залесск селеуі - Ковыль Залесского - Stipa zalesskii Wilensky
Биіктігі 30-50 см болатын көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның ареалы жіңішке жолақ түрінде Қырымнан Оңтүстік Орал арқылы Красноярск өңірінің оңтүстігіне дейін созылып жатыр. Залесск селеуі тасты және тасты топырақты жерлерде өседі. Қарағанды облысында Қу, Кент, Бақты, Қарқаралы тауларында көбінесе ұсақ шоқылардың солтүстік баурайларында басымырақ өседі. Осыдан жиырма жыл бұрын Залесск селеуі қазіргіге қарағанда кең таралып, өсімдіктер бірлестіктерінде басым кездескен. Кейіннен жерлерді қарқынды игеруге байланысты ол облыстағы биологиялық қорықшаларда ғана сақталған.
Қауырсынды селеу - Ковыль перистый - Stipa pennata L.
Биіктігі 30-50 см болатын көпжылдық өсімдік. Оның ареалы кең жолақ түрінде далалы және орманды дала аймағында Францияның оңтүстік-шығыс аудандарынан Шығыс Сібірге дейін созылып жатыр. Біздің облысымыздың барлық аудандарында қошқыл-қызғылт топырақты жерлерде кездеседі. Бұл түр әртүрлі шөптектестік-селеулі далалық аймақтың ерекше өкілдерінің бірі. Жерлерді қарқынды пайдаланудың нәтижесінде бұның да саны күрт азайып кеткен.
Дүңгіршек - Кубышка желтая - Nuphar luteum (L.) Smith.
Көпжылдық су өсімдігі. Барлық Батыс және Шығыс Европадан, Батыс және Шығыс Сібірден Якутияға дейін және Қазақстанның солтүстік облыстарында кең таралған. Біздің облысымызда тұщы және суы әлсіз тұзды су қоймаларында кездеседі. Кейінен көлдер мен өзендердің кеуіп кетуіне байланысты ареалы азайып кеткен.
Ақ тұңғиық - Кувшинка чисто-белая - Nymphaea candida J. et C. Presl.
Көпжылдық су өсімдігі. Оның кең ареалы Батыс және Шығыс Европаны, Батыс және Шығыс Сібірден Иркутскіге дейінгі жерлерді қамтиды. Біздің облысымызда барлық аудандарда тұщы және әлсіз тұзды суларда кездеседі.
Сарғыш жуа - Лук желтеющий - Allium flavescens Bess.
Көпжылдық жуашықты өсімдік. Оның кең тараған жері Батыс Европаның Оңтүстігінен ТМД-ның Европа бөлігіне, Батыс Сібірден Монғолияға дейін созылып жатыр. Бізде Тельман ауданында шоқылардың баурайларында, ащы сортаң жерлерінде өседі. Оның кейіннен азайып кетуі жерлерді қарқынды игеру жұмыстарымен байланысты.
Дуал гүлшырмауығы - Повой заборный - Calystegia sepium (L.) R. Br.
Сабағының ұзындығы 2-3 метр болып, шырмалып өсетін көпжылдық өсімдік. Оның кең ареалы барлық Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде таралған. Облысымызда Шерубай-Нұра өзенінің бойында аздап кездеседі. Өсімдіктің саны ұдайы болатын өрттер мен ормандардағы ағаштарды кесудің әсерінен болып отыр.
Жалаң мия - Солодка голая Glycyrrhiza glabra L.
Биіктігі 50-80 см болатын көпжылдық шөптектес өсімдік. Ол Батыс және Шығыс Европаның оңтүстік аудандарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияда және Қазақстанда кеңінен таралған. Қарағанды облысының барлық аудандарының көгалды жерлерінде және тыңайған жерлерде, көлдер мен өзендердің жағалауларында сирек кездеседі.
Коржинск миясы - Солодка Коржинского - Glycyrrhiza korschinskyi Grig.
Биіктігі 40-70 см болатын көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның ареалы ТМД-ның Европа бөлігінің оңтүстік-шығысын, Оңтүстік Оралды, Қазақстанның солтүстік-батысын қамтиды. Облыстың барлық аудандарының барлық жерлерінде көгалдар мен орман алаңқайларында кездеседі.
Ұш қалақты тобылғы - Таволга трехлопастная Spiraea trilobata L.
Сабақтарының биіктігі 1 м. болатын бұтатектес эндемдік өсімдік. Қазақстаннан басқа Батыс Сібірде кездеседі. Қу тауларында азайып кетуі оның Қу қорықшасында жеткілікті түрде қорғалмағандығынан туындап отыр. Жайылып жүрген малдар қорықшаның шетінде өсіп тұрған өсімдіктерді таптап, жаншып тастағандықтан бұл өсімдік қазіргі кезде адам аяғы баспайтын шатқалдарда ғана сақталып қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет