Дәрілік өсімдік шикізатын нормативті құжатқа сәйкес стандарттау түрлері
Дәрілік өсімдіктерді жинаудың арнайы ережелері бар. Бұл ережелерді қатаң сақтау керек, өйткені оларды сақтамаған жағдайда құнды шикізаттың айтарлықтай бөлігі бұзылады. Дәрілік өсімдіктерден алынатын шикізаттың барлық түріне шикізаттың келбеті, нормасы, оны анықтауыш қасиеттері, сақтау, буып-түюдің және маркерлеудің мемлекеттік стандарттары, техникалық шарттары мен фармакопейлік мақалалары бар.
Майдаланған өлшеп қапталған өсімдік текті шикізаттардың бір бөлігі дәріханаларға жеткізіледі. Шикізаттың негізгі бөлігі химикофармацевтика заводтарында препараттар жасау үшін қолданылады. Алынатын фитохимиялық препараттар әдетте әр түрлі дайын дәрілік түрде шығарылады. Дайындалатын дәрілік өсімдіктердің бір бөлігі шетелге экспортталады.
Шикізаттың бұл түріне шетел рыноктарында үнемі сұраныс болады. Денсаулық сақтаудағы дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың негізгі жолдары осындай. Бұл жұмыс күшін адамдарды талап ететіні түсінікті жағдай. Дәрілік өсімдіктерді жинайтын адамдардан басқа ауылдардың маманданған жұмысшылары, агрономдар т.б. болады.
Көптеген ғылыми зерттеу институттары, фармакогнозия кафедралары және ботаниктер, фармацевтика институттарында әр түрлі бағытта дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысады. Дәрілік өсімдіктердің таралу орындары мен ресурстарын анықтап, картаға түсіреді; олардың биологиялық ерекшеліктерін, жинап алғаннан кейінгі қалпына келуін зерттейді; емдік қасиетке ие өсімдік құрамындағы заттарды химиялық сараптамадан өткізеді.
Дәрілік өсімдіктердің сырт пішіні мен микроскоптық құрылысы егжей-тегжейлі зерттеледі, себебі дәрілік өсімдіктерге ұқсас, бірақ емдік қасиеті жоқ өсімдіктерден ажырата білу керек. Бұл жұмыс өсімдік бүтін болған кезде онша қиыншылақтар тудырмайды, алайда ол кептірілген және майдаланған ұнтақ түрінде болса, тек микроскоп арқылы ғана анықтауға тура келеді.
Дәрілік өсімдіктердің бөлігі оларды арнайы өсіріп механикалық тәсілмен жинайтын ауылдардан алынады. Алайда қазірге дейін дайындалатын шикізаттың барлық массасының 50%-ы жабайы өсетін өсімдіктерден жиналады. Көптеген өсімдіктерді мәдени жағдайға енгізу өте қиын.
Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Қазақстанда бірқатар эндемдік өсімдіктер бар. Бұларға дала жусаны, сүйекті аққурай, және т.б. жатады.
Басқада дәрілік шөптер: мысалы итошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дәрмене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ-бақ, шай шөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киікот, тасшөп, т.б. жатады.
Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келе дәрілік өсімдіктерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің ТМД елдері жағдайына бейімдеп өсіріп, жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: Solanum laciniatum Forst., Cassia abovata Del., Althaea officinalis L., Calendula officinalis L., Rutae graveolentis L., Tanacetum vulgare L., Hyssopus ambiguous (Trautv.) Ilgin, Valeriana officinalis L., Salvia sclarea., Foeniculum vulgare Mill., Aerva lanata (L.) Guss. және т.б. жатады.
Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның фармацевтика өндірісін ең перспективті бағыт ретінде дамыту қажет болып табылады, ол бай шикізат базасына негізделеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мөлшері аз және олар қорғауды қажет етеді.
Барлық елдерге дәрілік заттарды қолданудың көп жылдық тәжірибесі халықтық медицина негізінде жатыр.
Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді.
Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін.
Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі.
Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO42 және PO4) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді – С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.). Барлық өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар:
Достарыңызбен бөлісу: |