Қарағанды облысының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктеріне сипаттама.
Қарағанды облысының табиғат ескеркіштері және ерекше қорғалатын территориялары.
Қазақстан флорасында 6000-ға жуық өсімдіктер түрлері бар, оның 700-ден астамы (13-14%) тек қана Қазақстанда кездесетін эндемдік өсімдіктер. Олардың көпшілігі реликтілік өсімдіктер болғандықтан, бүтін формациялар құрайды. Флорадағы эндемизм өсімдіктердің тек түрлік құрамында ғана емес, сол сияқты туыстар арасында да кездеседі. Мысалы, тобылғы, тарбақай (рафидофитон), соршөп (физандра), ботташ (пастернаковник), жалғаншөлмасақ (лжепустынноколосник), жалған бұйражапырақ (ложная шандра), сартүтік (канкриниелла). Өсімдіктердің эндемдік түрлерінің көпшілігі сирек кездеседі де, қорғауға алынады.
Қазақстанның Қызыл Кітабында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің 300 түрі бар. Қарағанды облысының аймағында 70-тен астам сирек кездесетін өсімдіктер бар, олардың 37 түрі қорғауды қажет етеді.
Орталық Қазақстанның флорасын 1928 жылы Н.В. Павлов, ал Қарағанды облысының флорасын 1948 жылы Богданов зерттеген. Қарағанды облысының солтүстік және оңтүстік өңірін, құрғақ далалық жерлер алып жатыр. Ол жерлердің өсімдіктері де сан алуан және олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Қарағанды облысы Республикадағы орманды алқабы ең аз облысқа жатады. Бұл жерде ол орманды алқап небәрі 0,36%-ті құрайды. Кент пен Қарқаралы тауларындағы кәдімгі қарағай мен сфагнум батпақтарының ареалының оңтүстік шекарасы өтетін жерлердегі қара қошқыл түсті қылқан жапырақты ормандардың реликтілік қалдықтары ерекше маңызға ие.
Облыстың шығысында аласа шоқылардың гранитпен жабылған жоғары жерлерінде кәдімгі қарағайы бар реликтілік өсімдіктер жамылғысы сақталған. Қу, Қарқаралы, Кент тауларының (Богдановтың айтуынша, 1948 жылы) орманды аймақтарынан басқа жерлердегі ормансыз алқаптар да (Қызылтас, Бұғылы таулары) үлкен қызығушылық тудырады. Карамышева мен Рачковскаяның зерттеулерінде (1943) Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймақтарында сирек кездесетін және Қарағанды облысы аумағында жойылып бара жатқан өсімдіктердің кейбір түрлері: солтүстік у қорғасын, көкшіл желайдар, шатырша қысшылшөп және тағы басқа өсімдіктердің кездесіп қалатындығы айтылады. Ал Б.А. Винтерголлердің деректері бойынша Орталық Қазақстанда (1976) ҚСРО-ның Қызыл Кітабына енгізілген Қарқаралы бөріқарақаты және Паллас ұшқаты кездеседі.
Жалпы Қарағанды облысында 980 түрлі жабайы түрде өсетін өсімдіктер бар, олардың 66 түрі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына жатады. Табиғатты және оның қорларын қорғаудың халықаралық комиссиясының қолдауымен жойылу қаупі бар өсімдіктердің санатының төмендегідей градациясы жасалды:
0 – жойылып бара жатқандар, бірнеше жылдар бойы осы мекенде кездеспей келе жатқан, бірақ та адам аяғы баспаған және зерттелмеген аудандарда сақталып қалуы мүмкін. Қарағанды облысы үшін мұндай өсімдіктер қатарына Қарқаралы бөріқарақаты жатады.
1 – жойылу немесе құрып кету қаупінің алдында тұрғандар. Олардың әрі қарай тіршілік етуі арнаулы қорғау шараларын қолданбайынша мүмкін емес. Қарағанды облысында оларға жататындар: