Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары



бет7/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.

Эфир-майлық өсімдіктер
Эфир майлары-ұшпалы қосылыстардың күрделі қоспасы; моно- және сесквитерпендерден басқа оларда көмірсулар, спирттер, кетондар,фенолдар, альдегидтер, қышқылдар және т.б. әртүрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің 2500 түрінен табылған.
Әсіресе оларға Күрделігүлділер, Шатыргүлділер, Раушангүлділер, Ерінгүлділер, Мирталар, Лаврлар, Рут тұқымдастарының өкілдері бай.Өсімдіктің ағзаларында жиналады. Оларды өсімдіктерден су буымен айдау арқылы алады. Эфир майларының биологиялық активтілігі жан-жақты-вирусқа қарсы, микробқа қарсы. Олар антисептик, спазмолитик ретінде және қақырық түсіретін дәрі ретінде әсер ете алады.
Ботаник-ресурсоведтер бірнеше жылдар бойы Қазақстанның өсімдіктер дүниесінің эфир-майлы өсімдіктеріне фронтальді зерттеулер жүргізді.
Олардың 450 түрі анықталды және олардың 38-де эфир майларының жоғары көрсеткіштер көрсететіні айқындалды. Олардың арасында сібір қарағайы, сібір самырсыны, бұхтарма шатырбасы, ағарған шатырбас, акичкенск сасыры, жоңғар сасыры, тілімделген сасыр, сыпыртқы сасыр, сібір жебірі, Маршаллиев жебірі, Алтай жебірі, өткіршетті сайсағыз, ірі гүлді сайсағыз және т.б. бар.
Перспективті эфирмайлы өсімдіктердің қысқаша сипаттамасы. Өндірісте эфир майларын алу үшін өсімдіктің мынадай бөліктері (мүшелері) қолданылады:

  1. Гүлдердің гүлі немесе күлте жапырақтары гүл майларын алу үшін (мысалы, раушан, түймедақ, ақжұпар және т.б.)

  2. Гүл бүршіктері мен бутондары (қалампыр)

  3. Жемістері, әсіресе шатыргүлділерде (анис, зире, кориандр) және қылқан жапырақтылардың жаңғағы

  4. жемістердің қабықтары мен қыртыстары, әсіресе цитрус дақылдарында (лимон, апельсин, померанец, бергамот)

  5. тұқымдары (мысалы, тау бадамы, өрік, мускат жаңғағы)

  6. көптеген өсімдіктердің жапырақтары (мысалы, жалбыз, эвкалипт, қазтамақ), қылқан жапырақтылардың қылқаны мен жас бұтақтары (самырсын, қарағай, арша)

  7. жапырақ бүршіктері (қайың, терек, қарақат)

  8. барлық шөптектес бөлігі (жебір, киікоты т.б.)

  9. негізінен тропикалық түрлердің сүрегі (камфора лавры, сандал ағашы, корица)

  10. қабығы (мысалы, корица ағашы, корица)

  11. тамыры мен тамырсабақтары (иір, қияқ, зімбір)

  12. өсімдіктердің бездері (наплыв) мен аурулары-кесілген ағаштардан алынған тропикалық бальзамдар, немесе терпентиндер және қылқан жапырақтылардың шайырлары.

Өсімдіктерде эфир майларының мөлшері ауытқып отырады. Қлампыр ағашы, мысалы өзінің гүл бутондарында 18-ден 23%-ке дейін, раушанның күлте жапырақтарында майлар 0,03%, ал шашақгүл-резеда гүлінде-0,003% ғана болады.
Эфир майлары ерекше қуыстарда жеке клеткалар-бездер түрінде және шығу тегі экзогенді және эндогендік жолдарда жиналады.
Эфир майларының компоненттік құрамын зерттеуде пайдалы өсімдіктердегі бұл топтың зерттелуінде Қазақстанның мойындалған орталық екендігін дәлелдейтін ғалымдардың еңбектерін М.И. Горяев (1952) атау қажет.
Ол және оның шәкірттері (А.Д. Дембицкий, Ф.С. Шарипова, Л.А. Ельчибекова,..Неделько және т.б.). көптеген қазақстандық таксондардың (жусан, жалбыз, киікоты, түймешетен және т.б.) сапалық құрамын зерттеген.
Эфирмайлы өсімдіктер және олардын алынатын эфир майлары өндірістің әртүрлі салалары үшін маңызы зор. Олар әсіресе парфюмерия - косметика өндірісінде кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет