Реферат тақырыбы: Тәрбие технологиялары Орындаған: Курбанбаева Шахерезада Тобы: ҚТӘ-11 Тексерген: Шарипова О. Б



бет1/2
Дата11.04.2022
өлшемі36,16 Kb.
#30683
түріРеферат
  1   2

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Филология факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тәрбие технологиялары

Орындаған:Курбанбаева Шахерезада

Тобы: ҚТӘ-11

Тексерген: Шарипова О.Б.

Қазақстан,Нұр-Сұлтан

2022

Жоспар:


1. Тәрбие технологиялары туралы түсінік

2. Тәрбие технологиясының классификациясы

3. Тәрбие технологиясын ұйымдастыру шарттары

1.Тәрбие технологиялары туралы түсінік.

Тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына

қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының,

тәсілдерінің және құралдарының жиынтығы.

Тәрбие технологиясы – ғылымда қарастырылып, тәжірибеде іріктелген шеберлік

деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін, нәтиже мен сапаға кепілдік беретін тәрбиелік іс-

әрекеттің тәсілдері, амалдары және процедураларының жүйесі.

Тәрбие технологиясы ғылыми деректерде енді ғана айтылып жүргенімен, аталған

мәселе А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектерінде қарастырылған.

А.С.Макаренко мұғалімдер алдында сөйлеген сөздерінде «тәрбие инструменті»,

«педагогикалық инструментировка» терминдерін қолданған. А.С.Макаренконың бізге

балалар ұжымын тәрбиелеу технологиясын қалдыруы да осы мәселенің өзектілігін

байқатады. В.А.Сухомлинскийдің «Нағыз адамды қалай тәрбиелеуге болады» деген

еңбегінің аталуы да тәрбие технологиясына мегзейді.

Тәрбие технологиясы – тәрбие мақсатына сәйкес «қалай» нақты нәтижеге жетуге

болады сол туралы алдын-ала ойластырылған жүйе. Тәрбие технологиясы – адамға ғана

тән гуманитарлық технология, сондықтан да оның өзіндік ерекшеліктері бар.

Тәрбие технологиясы ғылымдағы көп аймақты қамтыған технология. Әрбір

технологияны ұсыну адамды тану аймағына тиесілі қаншама ғылыми деректерді

анализдеуді, таңдауды қажет етеді.

Тәрбие технологиясының классификациясы. Заманауи педагогикалық әдебиеттерде

тәрбие технологияларының жүйеленуі туралы көптеген варианттар кездеседі (В. П.

Беспалько, М. В. Кларин, Ф. А. Мустаева, Л. Е. Никитина, И. П. Подласый, Г К. Селевко

және т.б.).

■Тәрбие технологияларының классификациясы:

> Философиялық негізде:



  • Материалистік;

  • Прагматикалық;

  • Гуманистік;

  • Антропософиялық;

> Ғылыми концепциялар бойынша:

  • Мінез-құлықтық;

  • Іс-әрекеттік;

  • Интериоризаторлық;

  • Нейролингвистикалық бағдарламалық;

> Объектінің категориясы бойынша:

  • Индивидуалдық;

  • Топтық;

  • Ұжымдық;

  • Көпшіліктік.

Педагогикалық технологиялар түрлі негіздемелер бойынша ерекшеленуі мүмкін:

  1. Туындау негізіне қарай (педагогикалық тәжірибе немесе ғылыми тұжырымдама бойынша);

  2. Мақсаттары мен міндеттеріне қарай (білімді қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу, дербестігін дамыту);

  3. Педагогикалық құралдардың мүмкіндігіне қарай (әсер етудің қандай құралы жақсы нәтиже береді);

  4. Тәрбиешінің технологиялар көмегімен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай (диагностикалық қызмет, даулы жағдаяттарды басқару қызметі);

  5. Балаға деген көзқарасына қарай.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет