Фармакогнозия кафедрасы


Бағдарлама 1. Кіріспе



бет2/19
Дата08.11.2022
өлшемі133,84 Kb.
#48440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ôàðìàêîãíîçèÿ êàôåäðàñû

Бағдарлама


1. Кіріспе – Жоғары фармацевтикалық білімді мамандар дайындау жүйесінде фармакогнозияны оқытудың маңызы ерекше, себебі қазіргі заманғы дәрілік заттар арсеналында өсімдіктерден алынатын дәрі-дәрмектер үлкен орын алады. Фармакогнозия негіздері фармакогнозияны негізгі пән ретінде оқып үйренуге қажетті арнайы пән болып саналады.
2. Пәннің мақсаты:
Студенттерді фармакогнозияның даму тарихымен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастырумен, дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамымен және жіктелуімен, табиғи тиімді пайдалану негіздерімен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындау процесстерімен және оны стандарттаумен, сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді зерттеу саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі бағыттарымен таныстыру.
3. Оқу міндеттері:
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері студенттерге келесі білімдер мен біліктілікті қалыптастыру жатады:

  • сапалы фитоөнім мен дәрілік өсімдік шикізатына сұраныстың үнемі өсіп отыруына сәйкес дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен қасиетін оқып зерттеу;

  • қазіргі фармакотерапевтикалық препараттар арсеналында кеңінен қолданылатын жануар тектес, минералды заттардың қасиеттері мен химиялық құрамына бағытталған оқып зерттеу жұмыстары;

  • табиғи тектес шикізатқа фитохимиялық және тауарлық талдау жасау.

4. Қорытынды оқу нәтижелері:
Бірінші дәрежелі Дублиндік дискриптормен келісілген (бакалавриат).

  1. Білімі мен түсінігі ерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу). Пәнді және фармакогнозия негіздері мақсатын білетіндігін демонстрация жасайды

  2. Білімі мен түсінігін қолдана білу (осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу). Дәрілік өсімдіктердің түрлерін және тұқымдасын анықтайды. Өсімдік текті дәрілік шикізатты дайындайды және диагностика үшін морфологиялық және анатомиялық құрылысын анықтайды .



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет