Фармакология негіздері



бет12/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
Байланысты:
Фармакология негіздері-emirsaba.org

Жалпы фармакология.
Жалпы фармакология - дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын, сондай-ақ оларға әсер ететін факторларды және дәрілердің жанама, улы, әсерлерінің жалпы заңдылықтарын оқытады.
Фармокология дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасына назар аударады.
Фармакодинамика - (pharmacon- дәрі, dynamis- күш) – дәрілік заттардың әсерінің түрін, орнығуын, тиімділігін қарастырады.
Фармакокинетика – (kineo- қозғалту) –дәрілік заттардың енгізілуін, сіңірілуін, таралуын, өзгеруін, ағзадан шығарылуын қарастырады.
Дәрілік заттардың фармакологиялық топқа жіктелуі- дәрілердің физика-химиялық, фармакологиялық және басқа әсерлеріне қарай жүйелеу.
Дәрінің әсер түрлері


  1. Жүйелі әсер - дәрінің ағзаның барлық жүйесіне әсер етуі.

Мысалы: Адреналин қан тамырларға, бронхыға, жүрекке, ішектерге босаңсыту; жатырға тонусын көтеру; қандағы глюкозаның құрамын жоғарылату әсері бар.




  1. Жергілікті әсер - дәрінің енгізілген жерге әсер етуі. Лидокаин аэрозоль түрінде қолданғанда жергілікті әсер береді.


  2. Резорбтивті әсер - дәрінің қанға сіңіп барып әсер етуі. Лидокаин бұлшық етке енгізілсе ол қанға сіңіп жүрекке әсер береді.


  3. Рефлекторлы әсер - дәрінің сезімтал жүйке ұштары арқылы әсер етуі (қыша қағазы, ментол, валидол таблеткасы, аммиак, бұрыш жапсырмасы, скипидар).


  4. Негізгі әсер - керекті ем үшін дәрінің берген әсері.


  5. Жанама әсер - асқынуға алып келетін қажет емес дәрі әсері.


  6. Тікелей (Мүшелік) әсер – дәрінің бір мүшеге әсер етіп, оның қызметін өзгертуі. Несеп айдайтын дәрілер бүйрекке, іш жүргізетін дәрілер ішекке, бронхолитиктер бронхыға ғана әсер етеді


  7. Таңдамалы әсер – дәрінің жекелеген ұқсас рецепторларға әсер етуі.


  8. Улы әсер - дәрінің мөлшерін асырғанда немесе уланғанда зақымдануға алып келетін әсер. Мысалы: Бүйрек ауруларында ағзадан дәрілердің шығуы азайып ағзада жиналады, содан ағзаға улы әсер береді. Жүрек гликозидтері 3-14 күнге дейін әсер беретіндіктен, ағзада жиналып, улы әсер көрсетеді.




  9. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет