Тератогенді әсер - жүктіліктің алғашқы 3 айында қолданған дәрінің әсерінен ұрықтың зақымдануы.
Мутагенді әсер - генетикалық бұзылыстарға, хромосомдық ауруларға әкелетін әсер.
Ульцерогенді әсер - дәрінің асқазан ішек жолдарын зақымдауы, асқазан жарасына әкелуі.
Канцерогенді әсер- дәрінің ісік ауруына әкелуі.
Аллергиялық әсер- дәріні қайта қабылдағанда ағзада гистаминдердің бөлінуінен болатын патологиялық жағдай.
Қайтымды әсер- дәріні қабылдауды доғарғанда ағзаның, жүйенің, мүшенің қызметі қалпына келеді.
Қайтымсыз әсер- дәріні қабылдауды доғарғанда ағзаның қызметі қалпына келмейді.
Орфанды препараттар - өте сирек кездесетін ауруларды емдеуге және диагностикасына қолданылатын дәрілер.
Дәрілерді енгізу жолдары
1) Энтеральды енгізу - асқазан ішек жолдары арқылы: ішуге-перорально, тіл астына –сублингвально, тік ішекке- ректально.
2) Парентеральды енгізу - асқазан ішек жолдарына түсірмей- теріні зақымдап: тері ішіне (т/і), тері астына (т/а), бұлшық етке (б/е), көк тамырға (к/т), артерия ішіне, жұлынға (субарахнаидально)
3) Сыртқа қолдану: компресс, жағылма жағу, тамшы тамызу, ұнтақ себу (сеппе-присыпка), өңдеп жуу, ингаляциямен.
Дәрілердің ағзадан шығу жолдары: зәрмен бүйрек арқылы, өкпе, бауыр арқылы, өтпен, АІЖ, сілекей, тері, бронх, сүт, жас бездері арқылы.
Дәріге әсер ететін факторлар: адамның жасы, салмағы, жынысы, сезімталдығы, паталогиялық жағдайы, тәуліктік ритм және қоршаған орта, ағзада улы заттардың жиналуы, темекі шегу, ішімдік, биологиялық белсенді заттар.
Дәріні қайта қабылдағанда байқалатын жағдайлар:
1. Дағдылану - үйреншіктік.
2. Кумуляция (жиналу). Мысалы ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері бүйрек бауыр қызметі дрыс болмаса ағзадан уақытылы шықпағандықтан жиналып, улану болуы мүмкін.
3. Дәріге тәуелділік. Наркотиктерге болады.
4. Тахифилаксия - улы заттарға ағза сезімталдығының нашарлауы, дәріге тез үйрену (дәріге немесе алкогольге).
5. Сенсибилизация - тітіркендіргіш дәріге немесе аллергенге ағзаның жүйке ұштарының сезімталдығының күшеюі.
Достарыңызбен бөлісу: |