Фармакология негіздері


Энфлураин, изофлуран, десфлуран



бет40/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78
Энфлураин, изофлуран, десфлуран- құрамында фторы бар анестетиктер. Әсері фторотанға ұқсас, миорелаксациясы айқын байқалған, барлық жанама әсерлері аз байқалады.
Флороксен- наркозға енуі және шығуын тез, бірақ қанқа бұлшық еттерінің босаңсуы жеткіліксіз, тұтанғыш препарат.
Хлороформ- қазіргі таңда қолданылмайды, еріткіш және экстрагент ретінде пайдаланады.
Хлорэтил- улы, наркоз үшін қолданылмайды, қайнау температурасы төмен (12*С), криотерапия үшін жергілікті қолданылады- теріге енгізгенде салқындату мен сезімталдықтың төмендеуін тудырады.
Nitrogenium oxydulatum- азот тотығы («көңіл сергітетін газ»- аз концентрациясында мас болу сезімін, эйфория мен жеңіл ұйқы шақырады) : сұр түсті металл, болланшада шығарылатын жағымды иісі бар түссіз газ. Әдетте 70-80% азот тотығы мен 20-30% оттегімен тқратын қоспасы қолданылады. Наркоз тез басталады, қозуы жоқ (маскүнемдікте болады), наркоз жеңіл басқарылады, бірақ үстірт (наркотикалық белсенділігі төмен), оянуы ингаляцияны тоқтатқаннан кейін бірден пайда болады. Азот тотығының анальгетикалық әсері айқын, күштілігі жағынан морфинмен бірдей, сондықтан босануда ауырғанды сездірмеу үшін, миокард инфарктында, ауыр жарақаттарда, түсікте, операциядан кейінгі ауырсынуларда, хирургиялық стоматологияда қолданылады. Базистік накрозбен, нейролептоанальгезияда наркоз үшін фторотанмен қоспасы қолданылады. Азот тотығының қоспасы қауіпті жарылғыш болып табылады. Азот тотығының мөлшерін асырғанда гипоксия дамиды. Ұзақ ингаляцияда лейкопения мен мегалобласты анемия тудырады.
Циклопропан – отқа қауіпті, қауіпті жарылғыш, бездердің секрецисын күшейтіп, ауыр аритмиялар шақырады, АҚ-ы жоғарылаталы және қансырауды күшейтеді, бірақ күшті ауырсынуды сездірмейтін әсері бар.


Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер
Thiopentalum – natrium тиопентал-натрий (Б) : 0,5 және 1,0 – 20 мл флаконда – өзіне тән иісі бар сарғыш немесе сарғыш – жасыл түсті, ұсақ кеуекті құрғақ масса. Ертіндіні инъекцияға арналған залалсыздандырылған (стерильденген) суда қолданар алдына (ex tempore)дайындайы. 2.0-2,5% еріт к/т (коллапс тудырмау үшін ) өте баяу енгізеді. Тиопентал – натрий алғашқы наркозда, терең анальгезияны қажет етпейтін қысқа уақытты операцияларда, сондай- ақ психомотрлы қозуды басу үшін және тырысу ұстамаларында қолданылады. Тиопентал- натрий мен оның аналогтары ауырсынуды өте нашар басады; наркотикалық әсерінің кеңдігі аз; кезбе жүйкесінің тонусын жоғарылату, нәтижесінде бронхо- және ларингоспазмға, саливанциянығ күшеюіне (басу үшін операциядан алдын атропин енгізіледі),тыныс алу мен жүрек қызметінің тежелуі немесе тоқталуына және гипотонияға алып келеді.Тиопентал – натрий және басұа да барбитураттарды бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылысында қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет