А) Жүрек гликозидтері
Б) Гликозидті емес кардиотоникалық әсерлі дәрілер.
А) Жүрек гликозидтері өсімдіктен алынған жүрек жеткіліксіздігінде қолданатын күрделі органикалық қосылыстар.
Жүрек гликозидтерінің әсері: систолалық және минуттық қан көлемін арттырады, жүректің жиырылу жылдамдығын төмендетеді, тамырлардағы қысымды азайтады, артериялық қысымды қалпына келтіреді, жүрек қан-тамырларында қан айналымын жақсартып, диурезді күшейтеді, асқазан-ішекте сіңу мен жылжыту қызметі жақсарып, салмақ азаяды. Мидағы және жалпы қан айналым жақсарып оттегі тапшылығы төмендейді. Тыныс орталығының қозуы төмендеп, ентігу азаяды.
Жүрек гликозидтері қолданылады:
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және оның алдын алу үшін;
суправентрикулярлы тахикардияда;
жыпылық аритмиясында;
пароксизмальды тахикардияда;
жүрекше (трепетание предсердий) дірілінде;
Дәрілері:
Ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері: Дигитоксин (Digitoxinum) - әсері 2-3сағаттан соң басталып, 14 күнге дейін созылады;
0,0001таблетка; 0,00015г ембалауыз түрінде шығарылады.
Орташа әсерлі жүрек гликозидтері: Дигоксин (Digoxinum) әсері 30минут\ -1 сағатта басталып, 2-4 күнге созылады.
Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,025%- 1мл ампула. Целанид (Celanidum) әсері 10-20минутта басталып, 2 сағатқа созылады. Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,02%- 1мл ампула. Ұзақ және орташа әсерлі жүрек гликозидтері созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.
Қысқа және тез әсерлі жүрек гликозидтері: Коргликон (Corglyconum) әсері 2– 3минут, Строфантин (Strophantinum K) әсері 5-10 минутта басталып, 1-1,5 сағатта толық әсер беріп, 2 күнге дейін созылады. Дәрілік түрі: Коргликон 0,06%- 1мл ампула. Строфантин 0,025%- 0,05%- 1мл ампулада.
Коргликон 0,06% ерітіндісі ересектерге 0,5-1,0мл, 2-4 жасар балаларға 0,2-0,5мл, 6-12 жасар балаларға 0,5-0,75мл-ден 10-20мл 20%-40% Глюкоза ерітіндісімен араластырылып көктамырға баяу 5-6 минут ұзақтықта енгізіледі. 8-10сағаттан кейін қайта енгізуге болады. Строфантин 0,025%- 1мл ерітіндісін 10-20мл 5%, 20%,40% Глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9%-10-20мл натрий хлорид ерітіндісімен араластырылып көктамырға баяу 5-6 минут ұзақтықта енгізіледі. Жылдам енгізген жағдайда шок болады. 0,9%-100мл натрий хлорид ерітіндісімен немесе 5%-200мл Глюкоза ерітіндісімен араластырылып көктамырға тамшылатып енгізуге болады. Бұлшықетке енгізу керек болса, енгізетін аймаққа алдын ала 2%-5мл Новокаин енгізіп, сол ине арқылы басқа шприцте Строфантин мен 2%-1мл Новокаин араластырып енізіледі.
Жүрек гликозидтеріне қарсы көрсеткіш: брадикардия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, гипокалиемия, гиперкальциемия, қарынша тахикардиясы, өкпе ісінуі, кардиогенді шок.
Жүрек гликозидтерімен интоксикация болғанда білінеді: жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары, іш түйілу, анорексия, құсу, лоқсу, бас ауру, шаршау, алаңдаушылық, қобалжу, ұйқысыздық, апатия, көз көруінің бұзылыстары.
Интоксикацияға әкелетін қатерлі факторлар: кәрілік, жүрек жеткіліксіздігінің асқынулары, миокард инфарктісі, миокардтағы аумақты ишемия.
Интоксикация болғандағы көмек:
Жүрек гликозид препараттарының мөлшерін азайту немесе доғару, асқазан шаю, іш жүргізетін тұзды ерітінділерді қолдану (ішуге, клизмамен).
атравентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылысы мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болмаса калий препараттарын қолдану.
Дифенин (Фенитоин) 100мг көк тамырға баяу, сосын 100мг 4-6 рет ішуге.
Лидокаин 100мг көк тамырға болюсті.
атравентрикулярлы блокадада - β-адреноблокаторлар қолдану
II- III дәрежелі атравентрикулярлы блокадада - атропин 0,5- 1мг көк тамырға
5%- 500мл Декстрозаға 6 ӘБ инсулин қосып, калий хлориді -1,5г, магний сульфаты- 2,5г.
Интоксикацияны болдырмас үшін жүрек гликозидтерінің элиминациясын есептеп, әр пациентке қолданылатын жеке дозаны анықтайды.
Жүрек гликозидтерін басқа дәрілермен біріктіргенде болатын жағымсыз кері әсерлер:
Диуретиктермен, глюкокортикоидтармен біріктіргенде гипокалиемия дамиды;
Кальций препараттарымен көктамырға бірге салғанда аритмия, тіпті жүрек тоқтауы мүмкін;
Хинидин, Верапамил, Нифедипин, Амиодарон дәрілері қандағы Дигоксиннің концентрациясын ұлғайтады;
Антацидтер, гастропротекторлар асқазан ішек жолдарында жүрек гликозидтерінің сіңуін тежейді;
Достарыңызбен бөлісу: |